Fake News

Фейк: «Астронавттардың шлемсіз фотосы Айға қонудың өтірік екенін дәлелдейді»

Конспирологияны жақтаушылар адамның бұрын-соңды Айға қонғанына күдік келтіруде. Бұл фактіні олар астронавттардың Айда шлемсіз түскен суретімен «жоққа шығаруда». Бұл теорияның неге жалған екенін түсіндіріп өтейік.

Қазақстандықтар таратқан фотода – Appollo-16 миссиясына қатысқан астронавттар. Онда ай модулінің ұшқышы Чарльз Дьюк, командир Джон Янг және командалық модуль ұшқышы Томас Маттингли бейнеленген.
Фотосуреттің өзі 1972 жылы 6 ақпанда, яғни 16 сәуірде болған Айға қону оқиғасына едйін екі ай бұрын жасалған. Тиісінше, фотограф ғарышкерлер тобын Кенни ғарыш орталығында жаттығу барысында Жерде түсірген. Бұл сол күні түсірілген жалғыз сурет емес. Желіде сол жерде және сол уақытта, бірақ басқа ракурстан түсірілген басқа да фотоларды табуға болады. Онда астронавттардың Жерде жүргені анық көрінеді.
Айға қону фотосуреттері де баршаға қолжеімді. Онда ғарышкерлер скафандрда және шлем киген.
Осылайша, астронавттардың шлемді шешіп түскен фотосуреті Айға қонудың жалған екенін дәлелдемейді. Сурет оны кию қажет болмағанда Жерде жаттығу барысында түсірілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button