Fake News

Манипуляция: «COVID-19 вакцинасын сынау аяқталған жоқ, ал адамдарға тәжірибе жүргізуде»

Қазақстандықтар «Спутник-V» вакцинасының тіркеуден кейінгі сынақтары әлі аяқталмаған, яғни, препарат қауіпті болуы мүмкін деген ақпаратты талқылауда. Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, «біз тәжірибе жүргізілетін қояндармыз, бірақ оған қатысудан бас тарта алмаймыз». Бұл олай емес.


«Спутник-V» вакцинасын тіркеуден кейінгі сынақтардың әлі де жалғасып жатқандығы рас. Бұл туралы БАҚ бірнеше рет хабарлады. Бұл туралы ақпарат sputnikvaccine.com ресми сайтында да бар.
Бұл вакцина қауіпті және қалай әсер ететіні белгісіз деген сөз емес. Препарат зертханалық әр түрлі жануарларда, оның ішінде приматтардың екі түрінде клиникаға дейінгі сынақтардың барлық сатыларынан, сондай-ақ клиникалық сынақтардың екі фазасынан сәтті өтті. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы есептер баршаға қолжетімді.
Ал тіркеуден кейінгі зерттеулер препарат туралы толық мәлімет алу және ұзақ мерзімді әсерлерді зерттеу үшін қажет.
COVID-19 қарсы вакциналаудан бас тартуға болмайтыны дұрыс емес. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқылы. Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалар профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуінен хабардар түрде бас тартуға құқылы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакциналаудан бас тарту әкімшілік немесе өзге де жауапкершілікке әкеп соқпайтынын түсіндірді. Жұмыс беруші бұл үшін қызметкерді жұмыстан босата немесе жұмыстан шығара алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button