Конспирология

Фейк: «Егілген адамдарды көше шамдарымен басқаруға болады»

Желіде ерекше теория тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, көше шамдары вакцинацияланған адамдарды басқара алады, өйткені вакциналармен бірге жарыққа сезімтал құпия ингредиент – люцифераза егілді. Хабарламада бақылаудың бұл әдісі оптогенетика деп аталады. Шын мәнінде бұл не? Анықтайық.

Оптогенетика дегеніміз не? Осыдан бастайық. Бұл ми нейрондарын жарықпен дәл бақылау әдісі.
Бұл әдісті 2005 жылы Стэнфорд университетінің ғалымдары Эдвард Бойден мен Карл Дайсерот мидың жарыққа сезімтал жасушаларын генетикалық кодтауға тырысқан кезде жасалды.
Кейіннен олардың жаңалығы тышқандарда жүргізілген тәжірибелерде расталды. Ғалымдар көптеген тәжірибелер барысында жарықтың көмегімен ми нейрондарына әсер етуге болатынын және қазір емдеу қиынға соғатын ауруларды емдеуге болатынын анықтады. Мысалы, оптогенетика Паркинсон ауруын, созылмалы ауырсынуды, эпилепсияны және басқа да ауыр ауруларды емдеу әдісіне айналуы мүмкін.
Жай сөзбен айтқанда, онда онтогенетиканың бүкіл процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Біріншісі – зерттелетін жануарға фоторецепторлық ақуыздарды енгізу. Мұндай ақуыздар, мысалы, адамның көз торында болады. Оларды қолдан жасауға болады.
Екінші кезең – фоторецепторлық ақуыздарды кодтайтын гендерді ағзалардағы мақсатты жасушаларға жеткізу. Осылайша, қажетті жасушалар болашақта жарыққа жауап береді.
Үшінші кезең – таңдалған жасушалардың нақты жарықтандыруы. Ми үстінде орналасқан жарықдиодты шамдардың жылдам жыпылықтауы жасушалардан жауап алуға мүмкіндік береді, оны кейіннен ғалымдар түсіндіреді. Бұл интерпретация – процестің төртінші кезеңі. 
Яғни, оптогенетика – бұл дайындық пен дәлдікті қажет ететін күрделі және көп сатылы процесс. Оны көше шамымен жүргізу мүмкін емес. Біріншіден, көше шамдары қажетті жиілікте жыпылықтамайды, екіншіден, олар белгілі бір жасушаларға нақты әсер ете алмайды.
Постта жазылған вакцинамен бірге енгізілген жарыққа сезімтал ақуыз люцифераза – бұл вакциналарда болмайтын зиянсыз зат. Бұл туралы дәрігерлер де, фактчекерлер де бірнеше рет айтқан. 
Люцифераза – бұл люциферин субстраты тотыққан кезде жарық шығара бастайтын фермент. Мұндай фермент жарық қоңыздарында, кейбір балықтарда, медузаларда, саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінде және биолюминесценциясы бар басқа организмдерде кездеседі.
Оптогенетикада ол қолданылмайды.
Қорыта айтқанда, таратылған хабарлама өтірік. Оптогенетика – бұл күрделі дайындық пен жоғары дәлдікті қажет ететін күрделі процесс. Оны көше шамдарымен жүргізу мүмкін емес. Люцифераза қандай да болмасын вакцинаның құрамына кірмейді және онтогенетикада қолданылмайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button