Fake News

Фейк: «ПТР тест жинақтарынан графен мен люцифераза табылды»

Қазақстандықтар Telegram-да ПТР-тест таяқшалары графен мен лициферазаға малынған деген қауесет таратуда. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндірейік.

Алдымен видеоны талдап шығайық. Кадрларда таяқшаның ұшында жарқырап тұрған ультракүлгін сәулені байқауға болады. Бұл құрылғының құпия қауіпті затқа малынғанының белгісі емес. Сондай-ақ жиынтық өндірушісінің атауы да көрініп тұр – қытайлық Jiangsu changfeng Medical Industry Co.Ltdкомпаниясы. Кәсіпорынның ресми сайтында олардың ПТР-талдауларға арналған таяқшалардың екі түрін шығаратыны жазылған: түктен және арнайы көпіршіктен.
Көпіршік те, түк те аппақ болуымен ерекшеленеді. Яғни, оларды құрамында люминофор бар арнайы заттардың көмегімен ағартқан. Бұл заттарға ақ реңк беріп қана қоймайды, сонымен қатар олар ультракүлгін сәулелердің әсерінен жарқырап тұрады. 
Люминофор көбінесе матаны ағартуға арналған құралдарда, тіс пастасында, қағаз ағартқыштарда және басқа заттарда кездеседі. Сондықтан тіс те, ақ футболка да, ақ қағаз да ультракүлгін сәуле әсерінен көкшіл болып көрінеді және жарқырап тұрады.
Енді графен мен люцифераза теорияларына тоқталайық. Олар ПТР жиынтықтарының құрамында жоқ.

Графен – көміртектің аллотропты модификациясы, оны өндіру өте қиын және ол үшін қомақты қаражат керек.

Люцифераза – биолюминесценцияға жауап беретін табиғи компонент. Ол жарқырайтын жәндіктердің, саңырауқұлақтардың, медузалардың және басқа организмдердің ағзасында болады.

ПТР талдауына арналған тесттерде графен де, люцифераза да жоқ. Біріншіден, бұл заттарды кез келгенін жиынтыққа қосу мағынасыз. Екіншіден, барлық медициналық құрылғылар мен жабдықтардың қауіпсіздігі нарыққа шығарылмас бұрын мұқият тексеріледі.
Демек, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button