Fake News

Фейк: «Ескі батареяларды қайнатса, қайта жұмыс істей бастайды»

Қазнетте таусылған батареяларды «қалпына келтіруге» болатыны туралы видео таралуда. Бұл үшін оларды бір минут суда қайнатып, мұзды суға салу керек. Бұл пайдасыз әрі қауіпті.

Мұндай видеолар алдымен Францияда, содан кейін Ресейде таралды. «Лапша медиа» фактчекері ақпаратты тексере отырып, Клермон-Оверни университетінің химия профессоры Кати Араужу Да Силваның пікірін келтіреді. Оның айтуынша, батареяларды қайнату қауіпті жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.

Батареялардың әр түрінің өзіндік температуралық режимі бар: тұз, сілтілік және никель-металл гидрид батареялар үшін шамамен +50°C, литий батареялар үшін шамамен +60°C. Ал қайнаған судың температурасы 100°C құрайды.

Батареямен жұмыс істейтін медициналық құрылғылардың аға инженері Кензи Мадж батареяларды қайнатудың жалғыз нәтижесі оның сыртқа ағып кетуі немесе жарылуы дейді. Қайнаған судан оның қуаты артпайтыны анық.

Батареяларды қайнаған суда зарядтау тиімсіз әрі қауіпті. Жоғары температура батареяның қабығын бұзып, қысқа тұйықталуға, өздігінен тұтануға немесе жарылуына әкелуі мүмкін. Тәуекелге бармай, ескі батареяларды кәдеге жаратып, жаңасына ауыстырған жөн.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button