Фейк: «Талдау нәтижесінде реанимациядағы пациенттердің 80%-ы КВИ қарсы вакцинацияланғандар екені анықталды»
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жақында әзірленген тест жүйесі реанимациядағы пациенттердің 80% КВИ қарсы егілгендер екенін анықтауға мүмкіндік бергені туралы ақпарат таратуда. Шындығында, бұл мүлдем олай емес.
Қазнет пайдаланушылары Ресейде адамның егілгенін немесе вакцинация туралы куәлікті заңсыз жолмен алғанын анықтауға мүмкіндік беретін тест әзірленгені туралы жаңалықтан кейін осындай қорытынды жасады. Бұл талдау науқастың ағзасында, вирустық векторы «Спутник-V» вакцинасының және «Спутник Light» препаратының алғашқы компонентін жасау үшін қолданылған Ad26 аденовирусына антиденелердің болуын анықтауға негізделген.
«Біздің вакцинамен сәтті егілудің белгісі – вектор қабығына, 26-шы аденоға антиденелердің қалыптасуы болып табылады. «Спутник V» бірінші компоненті 26-шы адено негізінде жасалған. Ол адамдарда өте сирек кездеседі, бұл бір пайыздың оннан бір бөлігі. Сондықтан 26-шы аденоға антиденелердің болуы адамдардың вакцинацияланғанын білдіреді. Бірақ адам реанимацияға түсіп, егілдім деп айтса, бірақ 26-шы адено қабығына антиденелер болмаса, онда оның сертификаты жалған болуы мүмкін», – деп түсіндірді Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының жетекшісі Ф. Гамалеи Александр Гинцбург «Ведомости» басылымына.
Мұндай тест Ресейде реанимацияда жатқан пациенттерге қолданыла бастады. Нәтижесінде вакцинация сертификаты бар жағдайы ауыр науқастардың 80%-ы оны заңсыз сатып алғаны және іс жүзінде вакцинацияланбағаны белгілі болды.
Бұл КВИ-дің ауыр түрімен ауырған адамдардың көпшілігі егілмегенін дәлелдейді. Осындай үрдіс басқа елдерде де байқалады. Кливленд клиникасының соңғы ақпаратына сәйкес, биыл тамыз айында ауруханаға жатқызылған барлық КВИ жұқтырғандардың 90%-ы вакцина алмаған.
Ағымдағы жылдың шілде айында NPR басылымының подкастында АҚШ-та COVID-19 салдарынан ауруханаға жатқызылғандардың 97%-ын екпе салдырмағандар құрайтыны хабарланды.
Сонымен қатар, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жақында жүргізген зерттеуге сәйкес, вакцинацияланбаған адамдар арасында COVID-19 қайтыс болу қаупі 11 есе жоғары.
Демек, реанимациядағы пациенттердің 80%-ы КВИ-ге қарсы вакцинацияланғандар деген пікірлер жалған.