Фейк: «Ауруханадан тарап кеткен құжаттар вакцинацияланған әйелдердің балалары көп жағдайда өлі туатынын дәлелдеді»
Танымал Telegram чаттардың қатысушылары Калифорния ауруханаларының бірінде мәліметтер тарап кеткені туралы хабарлады, бұл ашы шындықтың жария боулына әкелген екен. Мейірбикелердің бірі Желіде жариялаған ішкі құжат басқаларға қарағанда егілген әйелдерде көп жағдайда балалар өлі туатынын дәлелдейді. Бұл оқиға растала ма? анықтайық.
Интернетте тараған аурухананың ішкі құжаттары туралы хабарламаны алғаш болып америкалық The Epoch Times порталы жазған.
Бұл интернет-ресурс күмәнді ақпарат көзі болып табылады және үнемі фейк және псевдоғылыми жаңалықтар жариялайды (Media Bias/Fact Check тәуелсіз веб-сайтына сәйкес).
Сондай-ақ басқа да мәліметтер хабарламаның шынайылығына күмән келтіреді. Мысалы, мәтінде де, видеода да «ішкі құжат» көрсетілмеген және анонимді болсын, деректерді жариялаған медбикемен сұхбат жоқ. Сонымен қатар, ақпараттың қай ауруханадан тарағаны белгісіз және онда қандай әйелдер босанғаны туралы деректер жоқ. Мекеме жүктілік кезінде пайда болған патологиялары мен асқынулары бар науқастарды босануды қабылдауға маманданған болуы мүмкін, яғни, мұндай ауруханада туу статистикасы басқалардан өзгеше болады.
Жаңалық талқыланған форум қолданушылары да бұл өте маңызды мәліметті атап көрсеткен.
Шын мәнінде, 2022 жылдың тамызында АҚШ-та да, Калифорнияда да өлі туған балалардың ресми статистикасы әлі жоқ. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайтында 2020 жылға арналған мәліметтер ғана бар. Олар 2022 жылғы 4 тамызда жарияланған.
Бұл көрсеткіштерге сәйкес, соңғы 30 жыл ішінде АҚШ-та өлі туған балалар саны тұрақты түрде төмендеп келеді.
Сәбилер өлімінің күрт өсуі туралы бұқаралық ақпарат құралдары да, ресми ақпарат көздері де хабарлаған жоқ. Егер бұл рас және құпия «ішкі құжат» бар болса, оның үстіне түпнұсқа болса, онда бұл сенсацияға айналып, үлкен жанжал мен одан әрі тергеуге әкелетін еді. Алайда, мұндай ештеңе болып жатқан жоқ.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама ойдан шығарылған және жалған.