Fake News

Дәлелсіз: «Келесі пандемия атипті пневмония, АИТВ және құс тұмауы вирустарының жасанды қоспасынан болады»

Желіде келесі пандемия толықтай жоспарланған деген теория тарады. Ол атипті пневмония, АИТВ және құс тұмауы вирустарының жасанды қоспасынан болады екен. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

Бұл хабарламаның негізгі дереккөзі – америкалық NaturalNews жаңалықтар порталы. MediaBias / FactCheck жобасының тәуелсіз бағалауына сәйкес, бұл портал сенімді ақпарат көзі болып табылмайды. Мұнда қастандық теориялары, жалған ғылыми мақалалар және фейктер жиі жарияланады.
Үш қауіпті вирустың қоспасын жасау туралы теория дәлелсіз және ғылыми фантастикаға жақын. Мәселе мынада, аталған үш патогеннің барлығы әртүрлі топтарға жатады. Атипті пневомния тудыратын SARS вирусы коронавирустар тобына жатады. АИТВ вирусы – ретровирустар тобының өкілі. Құс тұмауының қоздырғышы H5N1 вирусы – ортомиксовирустарға жатады.
Аталған виурстардың барлығы қауіпті, бірақ пандемия тудыру үшін оларды «араластыру» мағынасыз.
2003 жылы бірқатар елде SARS коронавирусы атипті пневмония ошақтарына себеп болды. Дегенмен, пандемия болған жоқ. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы кезінде ғалымдар адам үшін қауіпті коронавирустарды әлдеқайда жақсы зерттей алды, яғни SARS адамзат үшін бұрынғыдай қауіпті емес.
Адамның иммун тапшылығы 40 жылдан астам уақыт бойы пандемия болып саналады. АИТВ барлық елдерде және барлық континенттерде кездеседі. Ол қазірдің өзінде пандемия болғандықтан оны келесі пандемияға себеп ету мүмкін емес.
H5N1 вирусын тудыратын құс тұмауы – бұл өте қауіпті ауру, ол теориялық тұрғыдан пандемияны өздігінен тудыруы мүмкін. Бұл туралы мамандар бірнеше рет мәлімдеген болатын. Алайда құс тұмауына қарсы тиімді вакциналар бар. Ауруды диагностикалауға және емдеуге болады, ал құс тұмауынан болатын өлім-жітім деңгейі салыстырмалы түрде жоғары емес.
Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, біріншіден, біреулер үш вирустың гибридін жасамақ деп ойлауға негіз жоқ. Екіншіден, келесі пандемияны жасау үшін осы үш вирусты қолдану мағынасыз, жалпы бұл мүмкін бе, жоқ па? Бұл белгісіз. Үшіншіден, пандемияны қолдан жасау туралы идеяның өзі конспирологиялық және дәлелсіз болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button