Fake News

Фейк: «Жаһандық жылыну адамдарды шектеу үшін қолдан жасалады»

Қастандық теориясын жақтаушылар жаһандыық жылыну және табиғи апаттар HAARP жүйесінің көмегімен қолдан жасалады деп жазды. Жаңа шектеулерді ойлап табу үшін ғана адамдарға климаттың өзгеруі туралы айтылады. Бұл теорияны талдап, неге оған сенуге болмайтынын түсіндірейік.


HAARP жүйесі – ағылшын тілінен жоғары жиілікті белсенді авроралды зерттеу бағдарламасы ретінде түсіндіріледі. Бұл зерттеу станциясының құрылысы 1993 жылы басталып, бір жылдан кейін аяқталды. 2015 жылға дейін жүйені АҚШ Әскери-әуе күштері басқарды, содан кейін ол Фэрбенкстегі Аляска университетіне берілді. HAARP жүйесінің көмегімен мамандар жер ионосферасының қасиеттері мен жұмысын зерттейді.
HAARP жүйесі ауа райын басқара алмайды. Бұл туралы Аляска университетінің сайтында жазылған:
«HAARP тарататын жиілік диапазонындағы радио толқындарын тропосфера да, стратосфера да сіңірмейді – атмосфераның екі деңгейі жердегі ауа райын қалыптастырады. Өзара әрекеттесу болмағандықтан, ауа райын басқаруға мүмкіндік жоқ. HAARP жүйесі – үлкен радио таратқыш. Радио толқындар электр зарядтарымен және токтармен әрекеттеседі, тропосферамен дее аз ғана әрекетке түседі. Сонымен қатар егер күннің өзі тудырған ионосфералық дауылдар жер бетіндегі ауа райына әсер етпесе, HAARP мұны істей алмайды.»
Мұны Climate Feedback климаттың өзгеруіне арналған ғылыми порталдың мамандары растады. Сайттағы мақалада HAARP жүйесінің ауа райына әсер етпейтіні және оны басқа біреудің қалауы бойынша басқара алмайтындығы айтылған. Сарапшылар бұған қайшы келетін барлық теориялар ғылымға қарсы және HAARP-тің ауа райына әсерін дәлелдейтін «құжаттар» жалған екенін айтады. Соңғы рет осындай «құпия құжат» мәтіні 2020 жылдың желтоқсан айының ортасында жарияланды. Алайда, портал да, басқа ешкім де құжаттың өзіне сілтеме жасаған жоқ, яғни, ондай құжат жоқ деп айтуға болады.
The Observers порталының фактчекерлері ауа райы HAARP жүйесімен басқарылады деген теорияны да жоққа шығарды. Мақалада бүгінгі таңда адамдарда дауыл, аптап ыстық, құрғақшылық немесе планетада қар жаууды тудыратын технологиялар жоқ екені айтылды.

Жаһандық жылынуға келетін болсақ, оны ойдан шығарылған немесе қолдан жасалған деп айтуға негіз жоқ. Бұл процестің шын екеніне нақты және сөзсіз дәлелдер бар. Олардың ішінде мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі, ауаның орташа температурасының көтерілуі, ауадағы парниктік газдар концентрациясының жоғарылауы және т.б.
Демек, HAARP жүйесінің көмегімен адамдар жаһандық жылынуды қолдан жасайды деген ақпарат – ғылымға және сөзсіз фактілерге қайшы келетін фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button