Конспирология

Дәлелсіз: «Әлемдегі жануарлар айналып жүре бастады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда 2022 жылғы 25 қарашада жануарлар, жәндіктер мен құстар кенеттен айналып жүре бастады деген ақпарат тарады. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желілерде де әлемде жануарлардың мұндай оғаш мінез-құлқы туралы ақпарат болған жоқ.

Бұл ақпарат Қытайда 2022 жылғы қараша айының басында болған оқиғаға негізделген болуы мүмкін. Ол кезде People’s Daily газеті фермалардың бірінде қойлар он күннен артық айналып жүрген деп жазды. Газеттің хабарлауынша, жануарлар сау болған.

Мамандардың пікірінше, қойлардың мұндай әрекетіне листериоз себеп болуы мүмкін. Бұл жұқпалы ауру. Ол орталық жүйке жүйесіне зақым келтіреді. Листериоз жұқтырған қойлар айналып жүреді. 

Жануарлардың оғаш мінез-құлқының тағы бір ықтимал себебі – стереотиптік тәртіп.  Ол, әдетте, қамаудағы жануарларда байқалады. Мысалы, егер кішкентай тордан шыққан жануар үлкен торға қамалса, онда жаңа «үйдің» көлемін түгел пайдаланбай, бұрынғы кішкентай тордың периметрімен біраз уақыт жүреді. 

Англияның Глостер қаласындағы Хартпери университетінің ауыл шаруашылығы департаментінің директоры және профессоры Мэтт Белл бұл жағдайды былай түсіндірді: «Қойлар ұзақ уақыт бойы қорада тұрған секілді, бұл стереотиптік тәртіпке әкелуі мүмкін. Олар қора кішкентай болғандықтан фрустрацияға ұшырап, айналып жүре бастайды. Бұл жақсылықтың белгісі емес. Содан кейін мал болған соң оған басқа қойлар қосылады».

Мал иесінің айтуынша, фермада орналасқан 34 қораның тек біреуінде ғана қойлар біртүрлі мінез танытып, айналып жүреді.

Яғни, бұл әлемдік тенденция емес.

Демек, әлемде жануарлар, құстар мен жәндіктер айналып қозғала бастады деген ақпарат дәлелсіз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button