Жалған: «Роботтарға адамдарды өлтіруге рұқсат берілді»
Әлеуметтік желі қолданушылары Сан-Францискода робот полицейлерге адамдарды өлтіруге рұқсат етілгені туралы жазуда. Енді машиналар күдіктілерді өз бетінше анықтап, жағдайды бағалай келе, оқ ата алады. Бұл хабарламаны түсіндірейік.
Біріншіден, бұл жерде қабылданған шешім туралы емес, Сан-Франциско полициясы талқылауға шығарған ұсыныс туралы айтылып отыр.
Екіншіден, бұл адам басқаратын Remotec және басқа маркалы роботтарға қатысты.
Яғни, іс жүзінде робот тек қару рөлін ғана атқарады, ал күш қолдану туралы шешімді роботты қашықтан басқаратын полиция қызметкері қабылдайды.
Үшіншіден, хабарламаға адамды шатастыратын фотосурет тіркелген. Онда танкке ұқсайтын Remotec роботы емес, Knightscope бақылаушы роботы көрсетілген.
Мұндай роботтар ешқандай қарумен жабдықталмаған және ешкімді өлтіре алмайды. Олар камералармен, датчиктермен жабдықталған және көп адамды бақылауға арналған. Мысалы, мұндай роботтар казиноларда пайдаланылады.
Яғни, таратылған хабарламада фактілер қасақана бұрмаланған.