Манипуляция: «Юваль Ной Харари жаңа технологиялардың адамзатты қалай бақылайтынын айтты»
Әлеуметтік желілерде Юваль Ной Харари жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің адамзат болашағына әсері туралы айтқан видео таралды. Кейбір қолданушылар оның сөздерін «бізді бақылап отыратын» жаңа әлемдік тәртіп туралы қастандық теориясының дәлелі ретінде қабылдады. Бұл манипуляция.
Юваль Ной Харари – әскери тарихшы және жазушы. Ол «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» бестселлерінің және басқа да көптеген кітаптың авторы.
Ол Дүниежүзілік экономикалық форумның бас кеңесшісі емес, тіпті осы ұйымның қамқоршылар кеңесіне де кірмейді.
Таратылған видео – оның 2020 жылы Давостағы ДЭФ конференциясында сөйлеген сөзінен үзіндісі. Онда Ювал Ной Харари адамзатқа қауіп төндіретін үш мәселе туралы айтты. Бұл ядролық соғыс, экологиялық коллапс және технологиялық ақаулар. Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан мәселе соңғы тармаққа қатысты. Ол видеода былай деді:
«Егер біреуде деректер жеткілікті болса, онда елді отарлау үшін оған ешқандай әскер жіберудің қажеті болмайды. Егер биологиядан біліміңіз, есептеу қуаты, ақпарат жеткілікті болса, онда менің денемді, миымды, бүкіл өмірімді жаулап алып, бұза аласыз, мені өзімнен артық түсінетін боласыз. Менің жеке түрімді, саяси көзқарастарымды, жыныстық қалауымды, әлсіз тұстарымды, қорқыныштарымды және ұмтылыстарымды білетін боласыз. Мені өзімнен артық танисыз. Бұл маған ғана емес, басқаларына да қатысты. Бізді өзімізден артық жақсы түсінетін жүйе біздің сезіміміз бен шешімдерімізді болжай алады, манипуляциялайды, ең соңында біз үшін шешім қабылдай алады».
Оның осылай айтқаны рас, бірақ хабарламадағы сөз контексттен үзіп алынған. Осы ойын аяқтай келе, ол: «Әрине, бұл сәуегейлік емес, бұл мүмкіндіктер», – дейді. Яғни, ол бұл туралы болған жайт ретінде емес, әртүрлі елдердегі технологиялық теңгерімсіздік осыған әкелуі мүмкін деп айтады. Алайда, хабарлама авторы дәйексөзді өзіне қажет мағынада таратып, бұл бөлігін алып тастаған. Бұл манипуляция.
Ноа Харридің толық сөзін Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтынан да, YouTube-тен де тыңдаға болады.