Конспирология: «Тарихи суреттер адамзаттың шынайы тарихын жасыратынын дәлелдейді»
Әлеуметтік желілерде үлкен және әдемі ғимараттың ақ-қара фотосуреті тарады. Суреттегі егжей-тегжейлер балама тарих теориясын дәлелдейді екен. Фотода көшелерді су басқан, адамдар жоқ, ал тас көпірдің сурет түсірілген уақытта салынуы екіталай. Бұл пайымдар дұрыс емес. Неге екенін түсіндірейік.
Суретте қандай ғимарат бейнеленгенін және оның қай жерде екені оңай анықталды. Суреттерді кері іздеу құралдарының көмегімен ғимараттың Австралияда Мельбурн қаласында Флиндерс көшесінде орналасқан теміржол вокзалы екені белгілі болды. Оның орнындағы алғашқы станция 1854 жылы ашылған. Жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң сол жерде фотосуретте көрсетілген вокзал ғимараты салынды, ол осы күнге дейін жұмыс істеп тұр.
Таралған суреттің өзі 1916 жылы жанындағы ғимараттың төбесіненм
Фотосуреттің түрлі-түсті, өңделген нұсқасында пайдаланушылар «су басқан көшелер» деп атағандары іс жүзінде суретке түсірілген ғимараттың шатырының бөлігі екенін көруге болады.
Ол жолдың көп бөлігін жауып тұр, сондықтан төменде өтіп бара жатқан адамдар көрінбейді. Суретте олардың аз болуының да себебі осы.
Фотосуреттегі тас көпірге және оның ХХ ғасырдың басында салынуы мүмкін емес деген теорияларға келетін болсақ, мұның бәрі ғылымға қарсы пікір.
Шын мәнінде, 1916 жылы технология тастан, бетоннан және болаттан берік көпірлер салатындай едәуір дамыған.
Мысалы, Лондондағы әлемге әйгілі Тауэр көпірі 1894 жылы салынған. Құрылыс сегіз жылға созылды.
Адамдардан шынайы тарихты және шамамен бір ғасыр бұрын болған жаһандық апатты жасырады деген теориялар конспирологиялық. Таралған фотосуретте Мельбурндағы Теміржол вокзалы бейнеленген. Сурет балама тарих туралы ешқандай теорияны растамайды.