Конспирология

Фейк: «ДЭФ жаһандық су дағдарысын ұйымдастырмақ»

Instagram-да Дүниежүзілік экономикалық форум жаһандық су дағдарысын ұйымдастырмақ, өйткені планетаны вакцинациялау әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл рас па? Тексерейік.

2022 жылдың мамырында өткен «Жаңа су экономикасы» тақырыбындағы баспасөз конференциясынан кейін қастандық теорияларын жақтаушыларда ДЭФ әлемдік су дағдарысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр деген идея туды. Іс-шараның толық жазбасын ДЭФ ресми сайтынан көруге болады.
Роликтің 16 минут 10 секундында Лондон университеті колледжінің экономика профессоры Мариана Маззукато COVID-19-ға қарсы жалпы вакцинация мен су ресурстарын ұтымды пайдалану туралы айтады. Оның айтуынша, планетамызда COVID-19-ға қарсы барлық адамдар егілген жоқ, бірақ вакцинацияланғандардың саны аурудың таралу қарқынын тежеу үшін жеткілікті болды. Баспасөзде вакциналар туралы көп айтылғаны маңызды рөл атқарды, адамдар әркімнің іс-әрекеті жалпының игілігіне әсер етуі мүмкін екенін түсінді. Профессор Маццукатоның айтуынша, дәл осындай жұмыс суды ұтымды пайдалануға қатысты да жүргізу керек. Таза суға қол жеткізу – бұл жалпыға бірдей құқық пен игілік болғандықтан, оны қолдауға барынша көп адам үлес қосуы қажет.

Келесі спикер Сингапур үкіметінің аға министрі Тарман Шанмугаратнам осы тақырыпты жалғастыра отырып, бай елдер су ресурстарын тең бөлу мәселелеріне көбірек көңіл бөліп, қаржы бөлуге тиіс екенін атап өтті.
Спикерлердің ешқайсысы ДЭФ жаһандық су дағдарысын жоспарлап отырғаны немесе ұйымдастырғаны туралы мәлімдемеген. Керісінше, барлық спикерлердің сөзі бұған жол бермеуге және тұрғылықты еліне қарамастан барлық адамдар үшін суға тең қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Видеода ДЭФ жаһандық су дағдарысын ұйымдастырып жатқаны туралы айтылмаған. Керісінше, көрсетілген видеода спикерлер мұндай оқиғадан қалай аулақ болу керектігі туралы сөз қозғайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button