Конспирология

Фейк: «Бериллий оксидін аспаннан шашады»

Қазнетте ұшақтардың заттар «шашатыны» туралы айтқан ер адамның ролигі тарады. Оның айтуынша, адамдарды алюминий және бериллий оксидтерімен әдейі улайды, ал улану белгілерін короновирус деп айтады. Бұл жалған.


Осыған ұқсас теорияны бұған дейін ресейлік covid-диссидент және вакцинацияға қарсы тұлға Елена Кириченко айтқан болатын.
Ұшақтар қауіпті химиялық заттарды әдейі шашады деген идея – бұл химтрейлдер туралы қастандық теориясы. Ол өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері бар және бүгінгі күнге дейін дәлелденбеген. 
Демек, ұшақтар қандай да болмасын заттар шашады деп айту негізсіз.
Таралған роликте аталған нақты алюминий мен бериллий оксидтеріне келетін болсақ, олар қоршаған ортада кездеседі.
Алюминий оксиді – бұл алюминий мен оттегінің қосындысы. Табиғатта ол сазтопырақта жиі кездеседі. Дәл осы элемент кез келген саздың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.
Бериллий оксиді – берилий мен оттегінің қосындысы. Оны атмосфераға шашу өте қауіпті. Бериллий оксидінің бөлшектері ауада жарылғыш қоспалар түзеді. Бериллий оксиді шашыраған жерде ашық отты қолданса, жарылыс болуы мүмкін.
Сонымен қатар таралған роликте магниттің көмегімен шашылған бериллий оксидін анықтауға болатындығы айтылады – зат оған тартылып, қоңыр кристалдар түзеді екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Бериллий – диамагнетик. Яғни, оның магниттік қасиеттері тек күшті магнит өрісінде ғана байқалады. Егер оған магнитті жақындатсаңыз, онда металл аздап итеріліп, тартылмайды.
Сондай-ақ бериллий оксиді қоңыр емес, ақ түсті ұсақ кристал болып табылады.
Бериллийдің ағзаға ұдайы әсер етуі аса қауіпті. Бұл бериллиоз деп аталатын ауруға әкелуі ықтимал.

Оны тән белгілері бойынша және зертханалық зерттеулер арқылы анықтауға болады.
Бериллиоздың COVID-19-ға қатысы жоқ және бұл ауруларды шатастыру қиын. Бастапқыда олардың белгілері біршама ұқсас болғанына қарамастан, ағымы мүлдем өзгеше. Сонымен қатар короновирус ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі, бірақ ауру адамнан бериллиозды жұқтыру мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, таралған видео фейк деп айтуға болады. Барлық айтылған мәлімдемелер ойдан шығарылған және белгілі ғылыми фактілерге қайшы келеді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button