Фейк аккаунттар
Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың отставкаға кетуі туралы фейк ақпарат таралуда
TikTok-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың отставкаға кеткені туралы видео жарияланды. Бұл фейк.
Ресми дереккөздерде отставка туралы ақпараттар жоқ. Ақорда сайтында да, Президенттің жеке Twitter-аккаунтында да, оның баспасөз қызметінің аккаунтында да бұл туралы ештеңе жазылмаған.
Шындыққа жанаспайтын оқиғаларға «аты айғайлап тұрған» тақырыптар қою – блогерлер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өз жарияланымдарына назар аударту үшін жиі пайдаланатын әдіс. Оларға сенбеңіздер.
Сонымен қатар отставкаға кету туралы видео жарияланған TikTok-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми парақшасы жоқ. Аталған әлеуметтік желіде оның атынан ашылған барлық аккаунттар жалған.
Президенттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер Ақорда сайтында көрсетілген.