Медициналық фейктер

Фейк: «Жуырда жүргізілген зерттеу медициналық маска тағудың қауіпті екенін дәлелдеді»

Telegram-да қазақстандықтар жуырда жүргізілген бір зерттеу медициналық бетперде тағудың қауіпті екенін дәлелдейді, өйткені бұл көмірқышқыл газының қауіпті мөлшерін жұтуға әкеп соқтырады. Бұл өтірік. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Медициналық маскалар тағу көмірқышқыл газының көп мөлшерін жұтуға әкеледі деген теориялар COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері таралуда. Карантиндік шектеулер мен вакцинацияға қарсы адамдар медициналық маскалар шығарылған көмірқышқыл газын өткізбейді, ал бұл оттегінің ашығуына әкеледі деген идеяларды белсенді алға тартты.

Фактчекерлер бірнеше рет тәжірибелер жүргізіп, мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарған сарапшылармен тілдесті. 

Сондай-ақ, ғалымдар да осы тақырыпты зерттеді. 2020 жылдың қараша айында канадалық зерттеушілер жүргізген тәжірибе барысында бетперде тағып, белсенді физикалық жаттығулар жасаған 14 адамды бақылады. Нәтижесінде, маскалардың өмірлік маңызды көрсеткіштерге әсер етпейтіні анықталды.

2021 жылдың маусымында маскалардың балаларға әсері туралы ғылыми зерттеулерге шолу жасалды. Онда жеке қорғаныс құралдарының балалар ағзасына да теріс әсер етпейтіні айтылған. 

Юта университетінің сайтында медициналық маскалар шығарылған көмірқышқыл газының бөлшектерін ұстап қалмайды, яғни CO2 улануына әкелмейді деп жазылған.

Биыл наурыз айында түрік ғалымдары хирургиялық маскалардың оксигенотерапия алатын науқастардың өмірлік көрсеткіштеріне және EtCO 2-ге әсерін зерттеді. Зерттеуге 68 пациент қатысты, олар 30 күн бойы бақылауда болды. Нәтижесінде, маска тағудың ешқандай жағымсыз салдары болмаған деген қорытынды жасалды. 

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында поляк ғалымдары бетперде тағудың қан сатурациясына, жүректің соғу жылдамдығына әсерін және медицина қызметкерлерінің әл-ауқатын тексерді. Олардың қорытындыларына сәйкес, маскалар бұл көрсеткіштерге теріс әсер етпеген. 

2021 жылғы 16 сәуірде маскамен жүргенде көмірқышқыл газының концентрациясы шынымен көтерілгені, бірақ айтарлықтай болмағаны туралы зерттеу жарияланды. Зерттеуге тек 11 адамның ғана қатысқанына назар аударуымыз керек, ал зертету авторлары «СО2 деңгейінің жоғарылауы клиникалық тұрғыдан маңызды ма, жоқ па деген мәселе даулы болып қалатынын» атап өтті.

Қорыта айтқанда, маска тағу көмірқышқыл газын көп мөлшерде жұтуға әкелетініне сенімді ғылыми дәлелдер жоқ. Демек, таратылған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button