Конспирология

Дәлелсіз: «Дрондар азық-түлік тапшылығын тудыру үшін бидай алқаптарына у шашады»

Telegram мессенджерінде егіс егілген алқаптың үстінен ұшып бара жатқанквадрокоптердің видеосы тарады. Онда ол дақылдарды бүлдіріп, қолдан азық-түлік тапшылығын тудыру үшін қауіпті заттар шашып жүр деп жазылған. Бұл жалған.

Егістіктерге әртүрлі заттар мен су шашатын квадракоптерлер жиі кездеседі. Бұл дақылдар осылай бүлдіреді немесе өнімділікті төмендетеді дегеннің белгісі емес. Керісінше, мұндай заманауи техниканы қолдану дәл егіншілікке тән және егін шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Дрондар дақылдардың нақты картасын жасауға, зиянкестердің көбею ошақтарын бақылауға, егер олар пайда болса, ауру өсімдіктерді анықтауға және т.б. мүмкіндік береді. 

Дрондар заттар шаша алады, алайда егістік иелеріне дақылдарды зияндв заттармен суару тиімсіз. Керісінше, дрондардың көмегімен алқаптарға өсімдіктердің өсуіне және өнімділікті арттыруға қажетті тыңайтқыштар себіледі. 

Биыл қыркүйекте мұндай дрондар соя өсіретін фермерлерге көмектесу үшін Бразилияда егістіктердің үстінен ұшты. Онда өсімдіктерден соя тоты ауруы анықталды. Одан құтылудың ең тиімді жолы – дәрі-дәрмекті уақытында шашу. Алайда, ауқымды егіс алқаптарына келгенде мұны жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан бразилиялық фермерлер квадрокоптерлерді пайдалануға бел буған. Олардың кейбіреулері күніне 40 гектарға дейінгі аумақты өңдейді.

Бұл шаралар дақылдарды соя тотынан құтқарып қана қоймай, сондай-ақ өнімділікті арттыруға мүмкіндік берді. 

Демек, видеода дрон далаға улы заттар шашты деп айтуға негіз жоқ. Керісінше, егіншілікте квадрокоптерлер шығындарды азайту және өсімдіктер жақсы өсуі үшін қолданылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button