Конспирология

Фейк: «Ерекше белгі қойылған шоколадта вакциналар бар»

Әлеуметтік желілерде тараған видео авторы супермаркетте шоколад плиткаларын қарап, қаптамадағы ерекше белгіні көрсетеді. Оның айтуынша, бұл тәтті-дәмдіде вакцина компоненттерінің барын білдіреді. Бұрын мұндай өнімдерге бақаның суреті салынып келген, ал бұл туралы көбіне белгілі болғандықтан, логотип өзгертілді. Мұның бәрі өтірік.

Бұған дейін желіде бақаның кішкентай бейнесі бар өнімдерде Билл Гейтс жасаған вакциналар бар деген қастандық теориясы тараған болатын.
Шын мәнінде, Бақа логотипі Rainforest Alliance ұйымына тиесілі. Қаптамадағы бейне тауардың немесе қаптаманың экологияға ең аз зиян келтіріп өндірілгенін және оларды жасау кезінде жұмыс істеген адамдардың құқықтары бұзылмағанын білдіреді.
Пайдаланушылар «қауіпті» деп таныған логотиптің вакцинаға да, Билл Гейтске де қатысы жоқ. Осы аттас бағдарламаға қатыса отырып, өндірілген өнімдерді жасыл түспен және Cocoa Life жазуымен белгілейді. Cocoa Life – бұл какао бұршақтарын өнеркәсіптік ауқымда өсіру және жинау процесін экологиялық таза етуге арналған жаһандық бастама. Бастама аясында топырақты тыңайту, зиянкестермен экологиялық күрес, лайықты жұмыс орындарын құру, гендерлік теңсіздікті жою, кедей елдерде білім алуға қол жеткізу және т.б. мәселелер шешілуде.

Бағдарламаның ресми сайтында вакциналар, фармакология немесе Гейтс туралы сөз жоқ.
Билл және Мелинда Гейтс қоры Африкадағы какао өнеркәсібін дамытуға гранттар бөлді, бірақ бұл қаражат Cocoa life бастамасының аясында пайдаланылмады. 
Жалпы, Cocoa life бағдарламасының логотипі салынған шоколадта немесе басқа өнімдерде вакциналар немесе басқа құпия компоненттер бар деп санауға негіз жоқ. Бұл теория да, Rainforest Alliance сертификатталған өнімдерде Билл Гейтс жасаған кейбір дәрі-дәрмектер бар деген пікір де жалған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button