Конспирология

Фейк: «ДЭФ адамдар – бұл оба, ал жасанды интеллект – ем» деп мәлімдеді

Telegram чаттарда Дүниежүзілік экономикалық форум адамзатты «оба», ал жасанды интеллект «дәрі» деп мәлімдегені туралы жазылды. Сондай-ақ ДЭФ кеңесшісі адамдар вирустар мен бананнан артық емес және ДЭФ «адамзатты бұзуға» болады деген екен. Мұның бәрі өтірік және манипуляция.

Таратылған хабарламаның дереккөзі – ағылшын тіліндегі NewsPunch порталы. Бұл қастандық теориялары мен фейк жаңалықтар жариялайтын сенімсіз ақпарат көзі. 
Порталда Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб пен оның кеңесшісі, жазушы Юваль Ноа Хараридің алаңдатарлық дәйексөздері келтірілген мақала бар. Сондай-ақ сайтта осы дәйексөздер туралы айтылған видеолар жарияланған. Баспадағы мәтінде де, видеода да адамзат – бұл оба, ал жасанды интеллект – дәрі деген дәйексөз жоқ. Бұл сөздер видеоның алдын ала көрсетілімінде ғана бар. Олар ДЭФ-тің ресми Twitter-аккаунтында жарияланғандай етіп ұсынылған. Алайда, форум парақшасында мұндай твит жоқ.
Яғни, ДЭФ адамдар – оба деп мәлімдемеген.
Клаус Шваб пен Юваль Ноа Хараридің басқа дәйексөздері контекстен үзіп алынған және дұрыс түсіндірілмеген. Олардың кейбірін талдап шығайық.

ДЭФ «адамзатты бұза» алады
NewsPunch порталы Юваль Ноа Хараримен бейнесұхбаттан үзінді келтіреді, онда ол адам – «бұзуға» болатын жануар дейді. Бұл сұхбат 2019 жылдың қарашасында жазылған және оны желіден табуға болады. Харари адамдарды «бұзуға» болатындығына тоқтала келе, жаман нәрсені емес, ғылымның қазіргі даму деңгейі адам денесі мен психикасының жұмысын түсінуге, мінез-құлық, реакция алгоритмдерін зерттеуге және т.б. мүмкіндік беретінін айтқан.

Интернет ДЭФ-тің цифрлық идентификаторы бар адамдарға ғана қолжетімді болады
Бұл ескі фейк. Ол қастандық теориясын жақтаушылардың оқу-жаттығулардың ойдан шығарылған сценарийін Дүниежүзілік экономикалық форумның және оның негізін қалаушы Клаус Швабтың нақты жоспарлары деп ұсыну әрекетеріне негізделген.

Фейк: «Интернет биометриялық идентификаторы бар адамдарға ғана қол жетімді болады»

Бүгінде ДЭФ Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде де, инквизицияда да болмаған күшке ие
Бұл дәйексөз контекстен үзіп алынған. Шын мәнінде, Юваль Ной Харари көп көлемдегі деректер мен есептеу қуаты зор компьютерлерге ие жандар адамзатты «бұза» алады деп айтқан. Оның сөзінше, бұған дейін мұндай күш ешкімде болмаған. Оның меңзегені Дүниежүзілік экономикалық форум да, адамдарға әсер етудің әдістері де емес. 

Адамдар бананнан немесе вирустан артық емес
Бұл дәйексөз бұрмаланған. Шындығында, Юваль Ной Харари былай деген: «Кез келген ағзалар, вирустар, банан немесе адамдар болсын, бұл жай ғана биохимиялық алгоритмдер. Біз бұл алгоритмдерді шешуді үйренеміз». Яғни, ол адам артық па, әлде банан ба деп ойланбаған. Тек планетадағы барлық тіршілік иелері, соның ішінде адамдар шешімін табуға болатын биохимиялық алгоритм деп айтты.

ДЭФ-ке қарсы адамдар құпия полициядан қашып құтыла алмайды
Бұл сөздер контекстен үзіп алынған. Шын мәнінде, Юваль Ноа Харари Amazon немесе Alibaba сияқты ірі корпорациялардың өз клиенттері туралы көптеген деректі қабылдап, өңдеу арқылы зор қауіп төндіруі мүмкін екенін айтқан. Жазушының пайымдауынша, болашақта гипотетикалық түрде, мысалы, кез келген адамның жыныстық бағдарын анықтай алатын алгоритм пайда болуы мүмкін. Мұндай алгоритмдерді ірі компаниялар мақсатты аудиторияны жақсы зерттеу үшін енгізуі мүмкін және адам мұндай алгоритмді қолдана отырып, бейсаналық түрде «өзін-өзі тексереді». Хараридің пікірінше, адам мұндай бағдарламаларды саналы түрде қолданудан бас тарта алады, бірақ «достарыңыздан, өзіңізден жасырына алсаңыз да, Amazon немесе Alibaba-дан немесе құпия полициядан жасырына алмайсыз» дейді.  «Құпия полицияның» кім екені түсініксіз болғандықтан, Хараридің ДЭФ-те келіспейтіндер туралы айтпағаны анық.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, таратылған ақпараттың Клаус Шваб пен Юваль Ноа Хараридің жалған немесе контекстен үзіп алынған дәйексөздерінің жинағы. Оларға сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button