Fake News

Фейк: «Гагарин ғарышқа ұшпаған»

Instagram-да жарияланған фейк видеода кеңестік ғарышкер Юрий Гагариннің ұшуын дүниежүзілік алдау және мистификация деп атайды. Мұның бәрі реконструкция, ал бірінші ғарышкердің өлімі – бұл мемлекет жоспарлаған операция екен. Бұл жарияланымға сенбеген жөн. Онда айтылғанның бәрі өтірік.

Бұл видео фото, деректі хроника мен кадр сыртындағы дауыс үзінділерінен құралған. Аноним Гагариннің ұшпағанына қатысты бірқатар болжамын айтады.

Жалпыға белгілі ақпараттан бастайық. 1961 жылғы 12 сәуірде әлемдік тарихи оқиға болды. Бортында Юрий Гагарин болған «Восток-1» кемесі бар «Восток» зымыран тасығышы Мәскеу уақытымен сағат 9:07-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа ұшырылды.

Сапар 1 сағат 48 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Гагарин кеме жүйелерінің жұмысын бақылап, аспаптардың көрсеткіштерін жазып, Жермен радио байланыс сақтады. Планетамызды айналып өткен соң ғарышкер катапультация жасап, парашютпен Саратов облысына қонды.

2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 сәуірді адамзат баласының Халықаралық ғарышқа ұшу күні деп жариялады.

Видеода айтылатын алғашқы дәлел сапар болған жоқ, өйткені бұл туралы түпнұсқа құжаттарды ешкім көрген жоқ. Ресей Қорғаныс министрлігі 2021 жылы өз мұрағаттарын құпиясыздандырды. Алғашқы ғарышкерлер туралы ғана емес, ғарыш бағдарламасының жетекшілері туралы да мәліметтер жария етілді.

Юрий Гагарин туралы да ақпарат баршаға қол жетімді.

Бұған дейін құпиясыздандырылған құжаттар сапардың кемшіліксіз болмағанын көрсетті. Себебі «Восток-1» кемесі толық дайын болмаған. Бірақ КСРО АҚШ-тан озып кету үшін бортында адам болған кемені ұшыруды кейінге қалдыра алмады. Ұшу кезінде қиындықтар көп болды. Гагарин ғарыштық сапарының қаншалықты қауіпті екенін біліп, жұбайы мен қыздарына алдын ала қоштасу хатын жазған. Егер бірдеңе болса, оны отбасына тапсырар еді.

Ұшудың болмағанына қатысты тағы бір дәлел – ғарыш айлағында кеңестік немесе шетелдік БАҚ өкілдері болмаған. Сол кездегі саяси жағдайды ескеру керек. АҚШ пен КСРО арасында Қырғи қабақ соғыс болды. Қарулы қақтығыстар болған жоқ, бірақ әр ел өзінің басым екендігін дәлелдеуге тырысты. Бұл ғарышты игерудегі бәсекелестік кезеңі еді.

КСРО жабық ел болды, өз жетістіктері туралы бүкіл әлемге жария етіп, сәтсіздіктер туралы айтпайтын. Сондықтан, үкімет Батыстың адамның ғарышқа алғаш рет қашан ұшқанын білмегеніне қалады. Газеттер Гагариннің дайындалып жатқандығы, оның өзі және сапары туралы хабардар болып, бұл туралы жазды. Бірақ кейіннен барлық басылымдардың сандары құпияланды.

Басқа мемлекеттер ғарышқа алғаш рет ұшу туралы КСРО-дан білді деген де өтірік. Әрине, Америка Құрама Штаттары жағдайды мұқият бақылап отырды. Бортында Гагарин болған «Восток-1» кемесі америкалық станциялардың бақылау аймағына 12 сәуірде сағат 9:26-да енді. КСРО-ның бірінші болғанын мойындауға тура келді. 22 сәуірде «Нью-Йорк тайм» газетінде «How U. S. Confirmed Soviet Space Era Feat» мақаласы шықты.  Бақылаудың қалай өткендігі туралы егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынылып, ғарышқа сапар жасалғанына даусыз мәліметтер келтірілді.

Келесі дәлел – Гагарин ғарыштан Жердің суреттерін түсірген жоқ, демек сапар болған жоқ. «Восток-1» кемесінде фотоаппарат емес, «Селигер» борттық камерасы болды. Ол Гагариннің видеосын Жерде таратты. «Селигердің» теле сигналын америкалық станция да қадағалады. Ұшуды басқару пунктімен радио байланыс кезінде Гагарин Жерді ғарыштан сипаттады. 1968 жылы алғашқы ғарышкер ұшқыш «Жерді көріп тұрмын» атты әңгімесін жазады, онда ол өзінің алғашқы сапарындағы әсерімен бөлісті.

Видео авторы Гагариннің қонуына да күмәнмен қарайды. Ешқандай зымыран болған жоқ, ол жай ғана парашютпен ұшақтан секірген екен. «Восток-1» кемесі жұмсақ қону жүйесімен жабдықталмаған еді.  Ол кезде ол әлі дамымаған. Ғарышкер апатқа ұшырамас үшін конструкторлар басқа схема ойлап тапты. Қонуға дейін 10 минут бұрын катапульта іске қосылып, ғарышкер парашютпен секіріп кетуге тиіс болатын. Сол кездегі Халықаралық авиация федерациясының ережелері олай қонуға тыйым салды. Ғарышкер Жерге капсуламен қонуға міндетті болды. Сапар есепке алынуы үшін қону туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жасырылды.

Леонид Брежневтің нұсқауымен өлтірілген алғашқы ғарышкердің өлімі туралы не деуге болады? Ресми нұсқа бойынша, Юрий Гагарин Владимир Серегинмен бірге 1968 жылы 27 наурызда МиГ-15УТИ-де жаттығу рейсін орындап, ұшақ апатында қайтыс болды. Олардың өліміне қатысты барлық құжаттар бірден құпияланды. Бұл қастандық теорияларының көптеп таралуына септігін тигізді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button