Fake News

EVERGIVEN контейнер тасығышы балалар мен қару тасымалдамаған

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде Суэц каналын бөгеп тастаған EVERGIVEN контейнер тасығышы Таяу Шығыста соғыс ашу үшін жаппай қырып-жою қаруын және құлдыққа сату үшін балалар тасымалдағаны туралы хабарламалар таратуда. Бұл туралы әскерилер кемеден шығарылған контейнерлерді тінту кезінде белгілі болған екен. Бұл ақпарат жалған.


Шетелдік фактчекерлер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Капитан Билл Урбан бұған дейін PolitFact басылымына берген сұхбатында балалар саудасы мен қару-жарақ тасымалдау туралы ақпарат қауесет екендігін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ, БАҚ кеме ішінде тасымалданатын 18 мыңнан астам контейнер бар екендігі туралы жазды. Кеме көбінесе IKEA жиһазы мен тұтыну тауарларын тасымалдаған. 
Контейнерлерде балалар мен қарудың болғанына ешқандай дәлелдер жоқ.
Ағымдағы жылы 23 наурызда EVERGIVEN контейнер тасығышы Суэц каналында қайраңға батып, қозғалысты шектеді. Кеме 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04.30-да ғана қайраңнан шығарылды. Ол үшін оның бас жағынан 27 мың текше метр құм қазуға тура келді. Кейіннен, сағат 15.00-де кеме түбін тексеру үшін Тұзды көл рейдіне жіберілді. Бұл ретте әскери қызметкерлердің жүк контейнерлеріне тінту жүргізгені туралы деректер жоқ.
Демек, кеменің балаларды құлдыққа сату және соғыс бастау мақсатында қару-жарақ тасымалдағаны туралы хабарламалар ойдан шығарылған және расталмайды.
Бұған дейін біз кемені әлемдік экономикаға теріс әсер ету үшін қайраңға қасақана батырғаны туралы фейкті теріске шығарған болатынбыз.

Фейк: «EverGiven контейнер тасығышын әдейі қайраңға батырған»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button