Fake News

Манипуляция: «ДЭФ адамдарды киборгқа айналдыруды ұсынды»

Қазақстандық Telegram-арналарда адамдарды киборгқа айналдыру және балаларға ми чиптерін импланттау туралы ақпарат тарады. Дүниежүзілік экономикалық форум болашақта барлық адамдарды әртүрлі импланттар мен ми чиптерін имплантациялау арқылы киборгқа айналдыруды ұсынған екен. Бірақ бұл олай емес.

ДЭФ-тің ресми сайтында «Толықтырылған технологиялар біздің өмір салтымызды өзгерте алады, бірақ қолдау мен көзқарас дұрыс болса ғана» деген материалдың жарияланғаны рас, онда имплантаттар, протездер немесе чиптер түрінде адамдардың өміріне әртүрлі технологияларды енгізу туралы айтылады. ДЭФ-тің пікірінше, бұл технологиялар денсаулығы немесе психикасы шектеулі адамдарға әртүрлі салаларда өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Атап айтқанда, білім беруде және жұмыста.

Біріншіден, ДЭФ ұқсас технологияларды жеке құрылғылар түрінде енгізуді ұсынады – хирургиялық жолмен салынған импланттардың орнына қосымша функциялары бар көзілдірік, білезік, телефон. Мақалада телефондағы қоңыраулар арқылы тамақ аллергендері туралы есеп беретін «ит тұмсығы» функциясы мысал ретінд келтірілген.

Сондай-ақ ДЭФ адам ағзасына енгізілген технологиялар денсаулықтағы немесе психикадағы туа біткен бұзылулардан арылуға көмектеседі деп санайды. Мысалы, эпилепсия, Паркинсон ауруы бар адамдарда аурудың белгілерін нейрондық зондтармен жеңілдетуге болады. Ал кезбе жүйкені электрлік ынталандыру депрессияны емдеу терапиясы болып табылады.

Сонымен қатар, имплантаттар мен чиптердің дәрі-дәрмектерден артықшылығы маңызды фактор ретінде атап өтіледі. Өйткені, дәрі-дәрмек әрқашан бір уақытта бірнеше биологиялық процеске әсер етеді. Имплантат нақты импульстарды белгілі бір «проблемалық» жерге жібереді.
Сондай-ақ дәрі-дәрмек, атап айтқанда, ауырсынуды басатын дәрілер амфетаминдер болып табылады, яғни психикалық тәуелділікті тудыруы мүмкін заттар. Оның үстіне, олар ұзақ мерзімді жанама әсерлерге ие. Немесе қолданғаннан кейін ағзада ұзақ уақыт қалады. Өз кезегінде имплантанттар жіберген импульстарды оңай тоқтатуға болады, ал адам ағзасында ешқандай жанама заттар қалмайды.
ДЭФ ұсынған барлық технологияларды пайдалану медициналық қажеттілікке ғана негізделген. Импланттарға шектеулер ғылыми мүмкіндіктермен емес, этикалық дәлелдермен белгіленеді. Сондай-ақ Еуропа кеңесі нейротехнологияларды қолдануға байланысты туындайтын проблемаларды шешу жөніндегі стратегиялық іс-қимыл жоспарын әзірлей бастады.
Демек, Дүниежүзілік экономикалық форум киборг-адамдарды жасауды қолдамайды. Ұйым мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсарту және жеңілдету жолдарын ұсынып отыр. Бұл ретте барлық осы технологиялық жақсартуларды қолдану тек медициналық қажеттілікке және адамның өзінің қалауына негізделетін болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button