Fake News

Әлеуметтік желілерде адамдарды 5G мұнараларын ой күшімен өртеуге шақырады

Telegram мессенджерінде адамдарды 5G технологиясымен жұмыс істейтін ұялы байланыс бағаналарын жоюға шақырады. Хабарлама авторының айтуынша, антенналар коронавирус таратып, құстарды өлтіреді, сондықтан олармен күресу керек. Бұл олай емес.

5G – бұл қазіргі 4G форматын алмастыратын технология. 5G желілері Wi-Fi толқындарының немесе, мысалы, полиция радарларының диапазонда жұмыс істейді. Жылдамдығының жоғары болуы мен қамту тығыздығы Massive MIMO және Beam Forming технологиялары есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы физик және ғылымды дәріптеуші Дмитрий Побединский толығыоақ айтты.

5G технологиясы вирустар таратпайды және ешкімді өлтірмейді. Оны пайдалану қауіпсіздігі сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның зерттеулерімен расталған. 
5G антенналарының ішінде COVID-19 деп жазылған қораптар бар екендігі туралы ақпарат – фейк. Ол Желіде 2020 жылдың соңында тарады және антеннаның бөлігі болып табылатын COV-19 деген жазуы бар бөлшек көрсетілген видеоға негізделген. Іс жүзінде бұл видео фейк, ал бөлшектің өзі 5G желілеріне немесе COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ ескі телевизиялық тіркеме болып шықты.

5G таратқыштағы COV-19 жазуы көрсетілген видео – фейк

Хабарлама авторының 5G желілерін орналастырудан құстардың жаппай қырылуы туралы сөзі – фейк. Мұндай теориялар бұрын Желіде кеңінен тараған, бірақ олардың шын екендігі расталмады. Әрбір жолы өлген құстардың суреттері 5G желілерін ойлап тауып, орналастыруға дейін түсірілгені және технологиямен байланысы болмай шығады.
Ұялы байланыс бағаналарын жоюға келетін болсақ, автор мұны өте ерекше жолмен – ой күшімен жасауды ұсынады. Ол байланыссыз ұрыс деп аталатын техникалық әдісіне жүгінеді. Алайда, мұндай әдістеменің тиімді екендігіне ешқандай дәлел жоқ, ал мұндай ерекше жекпе-жек оқытушыларын дүмшелер деп атайды. Сондай-ақ, байланыссыз жекпе-жектің бірде-бір шебері бейтарап куәгерлердің көз алдында дәстүрлі жекпе-жек шеберін жеңе алмағанын атап өткен жөн. 
Дегенмен, ой күші технологиясымен күресу жөніндегі ұсыныстың антенналарды өртеуге шақырудан гөрі зияны азырақ екенін атап өткеніміз жөн. Бұған дейін түрлі елдерде мұндай әрекеттері үшін адамдар нақты жаза алған жағдайлар болған. Мысалы, өткен жылы қазан айында Ұлыбритания тұрғыны 200 сағаттық міндетті жұмыс пен 12 айлық шартты мерзімге сотталды. Ол есі дұрыс деп емес деп танылғандықтан түрмеге қамалған жоқ.
Қорыта айтқанда, 5G желілері зиянсыз, антенналарға ой күшімен де, физикалық тұрғыдан да шабуыл жасаудың қажеті жоқ. Жаңа технологиялар COVID-19 таралуына ықпал етеді және құстарды өлтіреді деген теориялар фейк және бұған дейін жоққа шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button