Фейк: «Мектеп оқушыларын Telegram-чаттар арқылы алдап, Қытайға апарады»
WhatsApp мессенджерінде Шымкентте балалардың жоғалғаны туралы қорқынышты ақпараттар тарады. Дауыстық хабарламада қалада бірнеше мектеп оқушысы жоғалғаны туралы айтылған, олардың бірін Қытаймен шекарадан тапқан, ол онда Telegram-чаттарында алданып, барған еекен. Бұл жалған.
Шымкент қалалық полиция департаменті балалардың жоғалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– Бүгін «WhatsApp» мессенджерінде Шымкент қаласында балалардың жоғалып жатқаны туралы аудиожазба таралуда. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті бүгінгі күні қала аумағында балалардың жоғалу фактілері тіркелмегенін ресми түрде хабарлайды. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты, азаматтардан әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз, – делінген ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында.
Қазақстандықтар балаларды ұрлау туралы жалған ақпаратты бұған дейін де таратқан. Біз еліміздің қалаларын аралап жүрген педофилдеер тобы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатынбыз.