Фейк: «Достастық ойындарының ашылуында пұтқа табынушылық көрсетілді»
Telegram-да 2022 жылғы Достастық ойындарының ашылу салтанатында Ваалға табыну эпизоды көрсетілген деген ақпарат тарады. Үлкен бұқаның мүсіні соның белгісі болған екен. Бұл рас па? Анықтайық.
Биыл Достастық ойындары 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Бирмингемде өтті. Ашылу рәсімінде бұқаның мүсіні көрсетілді, бірақ оның пұтқа табынуға ешққандай қатысы жоқ. Мүсінді Artem Ltd компаниясы, ал тұжырымдамасын әйгілі «Peaky Blinders» сериалының авторы Стивен Найт жасаған.
Салтанатты шараға бұқаның бейнесінің таңдалуы кездейсоқ емес: бұл жануарлар Бирмингем қаласының тарихымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде оның көрікті жерлерінің бірі – тарихы XII ғасырда басталған Bull Ring сауда орталығы. Ол кезде бұл жерде диаметрі үлкен темір сақинамен жабдықталған базар болған, оған соятын бұқаларды байланған.
Рәсім барысында бұқаның мүсіні, сценарий бойынша жұмысынан шаршаған адамдарды сомдаған актерлердің алдына қойылды.
Олар зауыт-фабрикалардың қызметкерлері шамадан тыс көп көп жұмыс істеп, ол үшін аз ақша алған кез – Бирмингемдегі алғашқы өнеркәсіптік революцияның ұрпақтарының бейнесін сипаттады. Әйелдердің бірі мүсінге қолын созған кезде механикалық бұқа оның алдында басын иді. Бұл қимыл 1910 жылдардағы ереуілдердің белгісі, одан кейін жұмысшылар лайықты жалақы мен еңбек жағдайларына қол жеткізді.
Демек, шараның ашылу салтанатында пұтқа табынушылықтың белгісі болмаған. Ойындарды ашу бағдарламасындағы бұқа Бирмингемнің тарихын бейнелейді.