Конспирология

Фейк: «5G адамдарды өлтіруге арналған»

Қазақстандықтар Instagram-да Марк Стилдің видеосымен бөлісуде. Оның айтуынша, жаңа буындағы 5G байланысы адамдарды өлтіруге арналған және шын мәнінде қорқынышты қару болып табылады. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Марк Стил – 5G желілері қауіпті деген идеяны насихаттауға айтарлықтай үлес қосқан әйгілі америкалық конспиролог.
Таралған видеода ол технологияны жасағанын, сондықтан оның қауіпті екендігін басқаларынан артық білетінін айтады. Бұл өтірік. Шын мәнінде, 5G-ді бір адам немесе белгілі бір адамдар тобы жасаған жоқ. Бұл технология бұрыннан бар 3G және 4G негізінде әзірленген.
Сонымен қатар 5G технологиясы адамдарды өлтіруге арналғаны да жалған. Шын мәнінде, алдыңғы буындағы желілерге қарағанда 5G-дің өткізу қабілеті жоғары. Бұл жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етеді. Бұл заттар интернетінің, медициналық технологияның, қорғаныс индустриясының және т.б. дамуына зор серпін береді.
5G технологиясы 4G, Wi-Fi және полиция радарларымен бірдей жиілікте жұмыс істейді. Олардың қару емес және адамдарды өлтіру үшін жасалмағаны анық.
Марк Стилдің 5G технологиясының қалай жұмыс істейтіні туралы мәлімдемелері шындыққа жанаспайды. Мысалы, ол мұндай желілер SARS-CoV-2 вирусын таратады деп айтты. Бұл тезис ғылымға қарсы, оны фактчекерлер мен мамандар бірнеше рет жоққа шығарды.
Сонымен қатар Стил көше шамдары қауіпті жаппай қырып-жою қару, ал ұшақтар улы заттар шашады деп мәлімдеген.
Бұл дәлелсіз және фактчекерлер жоққа шығарған танымал қастандық теориялары.
Демек, таралған ақпарат – бұл белгілі конспиролог қайталап айтқан фейктер топтамасы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button