Интернетте вакцинадан болатын өлім-жітімнің жалған фазалары таралуда
Желіде COVID-19 қарсы вакциналардан болатын өлім-жітім кезеңдері туралы ақпарат таратылуда. Мәтінде өте ауыр, тіпті өлімге әкелетін аурулар көрсетілген, олардың COVID-19 қарсы вакциналарға ешқандай қатысы жоқ.
Оларды жеке-жеке талдап шығайық.
Тізімде егілген адамдарда уақыт өте келе дамитын асқынулар көрсетілген. Оларды ретімен талдап шығайық.
Хабарламаға сәйкес, вакцинациядан кейін бір айдың ішінде адамдарда тромбоз, миокардит, инфаркт, түсік тастау, тромбоэмболия, анафилактикалық шок және инсульт белгілері болуы мүмкін.
Шындығында олай емес.
Көптеген зерттеулердің нәтижелері бойынша, COVID-19 қарсы бір ғана вакцина Johnson & Johnson тромбоз қалыптастыратыны анықталды. Айта кетейік, мұндай жанама әсер өте сирек кездеседі және негізінен 60 жасқа дейінгі әйелдерде болады. Қазақстанда бұл препарат қолданылмайды.
Миокардит – бұл да жас ер адамдарда мРНҚ-ға негізделген вакцинадан кейін пайда болатын өте сирек кездесетін жанама құбылыс. Көп жағдайда бұл жанама әсер адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірместен емделеді. Сондай-ақ COVID-19-бен ауырғаннан кейін миокардиттің пайда болу қаупі вакцинациядан кейін болатын осындай қауіптен әлдеқайда жоғары екенін атап өткен жөн.
Анафилактикалық шок та вакцинацияның жағымсыз әсері болуы мүмкін, бірақ бұл ретте мәселе вакцинаның өзінде емес, белгілі бір науқаста оның компоненттеріне аллергияның болуында екенін түсіну керек. Анафилактикалық шок кез келген дәрі-дәрмекке немесе тағамға аллергиясы бар адамда болуы ықтимал.
Осы бағанда көрсетілген басқа аурулардың барлығының вакциналарға қатысы жоқ. Вакциналардың инсульт, түсік тастау және инфаркт жағдайларына әкелмейтіні ғылыми дәлелденген. Сондай-ақ бүгінгі күні вакцинация мен инсульт арасында байланысты табуға мүмкіндік беретін нақты ғылыми деректер жоқ.
Хабарламаның екінші бағанында вакцинациядан кейін бір жыл ішінде пайда болатын жанама әсерлер көрсетілген. Зерттеулерге сәйкес, COVID-19 қарсы вакцинацияның жанама әсерлері вакцинациядан кейінгі алғашқы бірнеше аптаның ішінде дамиды. Бірнеше айдан кейін болатын жағымсыз әсерлер тіркелмеген.
Бағанада көрсетілген иммун тапшылығы, антиденеге тәуелділіктің артуы, аутоиммундық реакциялар және т.б. аурулардың COVID-19-ға қарсы вакциналарға ешқандай қатысы жоқ, алайда вакцинацияға қарсы адамдар оны «қорқыту» үшін жиі пайдаланады. Мысалы, 2022 жылдың басында олар вакциналар иммун тапшылығын тудырады деген теорияны алға тартты, тіпті «вакциналық ЖҚТБ» деген арнайы термин де ойлап тапты. Бұл ойдан шығарылған. COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін де инфекция күшеймейді. Бұл клиникалық және клиникалықтан кейінгі зерттеулердің нәтижелерімен дәлелденді.
Сондай-ақ вакцинация созылмалы жүрек-тамыр ауруларының дамуына әкелмейтіні ғылыми дәлелденген.
Хабарламада үшінші баған вакцина алғаннан кейін 10 жыл ішінде пайда болатын реакцияларға арналған. Мұндай болжам негізсіз, өйткені қазіргі кезде тоғыз жыл бұрын COVID-19-ға қарсы егілген адамдар жоқ. Әлемде клиникалық сынақтардан тыс екпе салдырған алғашқы әйелдің егілгеніне бір жыл тоғыз ай болды. Бір жылдан кейін ол тірі және сау болғанын, тіпті басқаларды COVID-19 қарсы вакцина алуға шақырған.
Бағанда келтірілген диагноздарға келетін болсақ, олардың ешқайсысы вакциналармен байланысты емес. Вакцинацияланған адамдарда, жоғарыда айтқанымыздай, иммунитет тапшылығы дамымайды, ДНҚ бұзылмайды және аутоиммундық аурулар пайда болмайды.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат адамдарды қорқыту және оларды вакцинацияға қарсы адамдардың қатарына тарту мақсатында ойдан шығарылған. Онда ұсынылған деректер ғылыми зерттеулердің нәтижесіне және қазіргі фактілерге қайшы келеді.