Fake News

Алаяқтар ауыл шаруашылығы министрінің атынан хабарлама таратуда

Мессенджерлерде белгісіз адамдар ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың атынан жалған хабарламалар таратуда. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында хабарлады. 

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мессенджерлердегі жалған аккаунттардан белгісіз адамдар ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың атынан қоңырау шалып, хабарлама жіберіп жатқанын жеткіземіз.

Алаяқтар адамдарды әңгімеге тартуға тырысып, қолма-қол ақша алуды меңзейді. Бірінші кезекте алаяқтардың әрекеттері ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларына бағытталған.

Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, хабарламаларға жауап бермеуіңізді, әңгімелеспеуді, сілтемелерге өтпеуіңізді және деректерді бермеуіңізді сұраймыз. Қоңыраулар және/немесе хаттар туралы ақпаратты жергілікті полиция бөліміне хабарлау қажет», – делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button