Фейк: «3D-баспаның көмегімен өмірдің жаңа формаларын жасауға болады»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда 3D-басып шығарудың көмегімен өмірдің кез келген түрін жасауға болатындығы туралы ақпарат тарады. Мұндай технология бойынша бірегей тірі жан Оскар жасалған екен. Бұл жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр және аяқ-қол функцияларын орындайтын, еркін тәртіпте қосылған және біртұтас электр миының бақылауымен жанданатын жеке модульдер. Бұл өтірік.
«Оскар жобасы» – бұл сценарийі, актерлері, компьютерлік графика және анимациялары бар ғылыми-фантастикалық сериал. Барлығы 56 қысқа сериясы бар, оларды Желіден көруге болады.
Сондай-ақ, сериалдың ресми сайтында «Оскар жобасы» нақты тәжірибе емес, ғылыми фантастика екені айтылған. Сонымен қатар сайтта актерлер тізімі ұсынылған, оған сәйкес, кадрда көрсетілген барлық ғалымдар ғалым емес, өз рөлдерін ойнаған және алдын ала дайындалған сөздерді жаттап айтқан адамдар екенін білеміз.
«Оскар жобасы» фильмінің режиссері дат суретшісі Флорис Кайяак. Оскардың өзі – токтың әсерінен «жанданатын» модульдер жиынтығы – Кайяктың туындыларының бірі.
Демек, ғалымдар 3D басып шығарудың көмегімен өмірдің жаңа түрін жасамаған. Интернетте таралған ролик – бұл шындыққа барынша ұқсас етіп түсірілген ғылыми-фантастикалық сериялардың сериясы.