Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін ана сүтінде қауіпті у пайда болады»

Қазнет қолданушылары жүкті және бала емізетін әйелдерге COVID-19-ға қарсы вакцина алуға болмайды деген ақпаратты талқылауда. Онда вакцинациядан кейін бала емізетін аналардың бойында нәрестелер үшін аса қауіпті улар пайда болады деп айтылған. Бұл олай емес.


Шын мәнінде, COVID-19 қарсы вакциналардың жүкті және бала емізетін әйелдерге әсері туралы сенімді және толыққанды зерттеулер жоқ. Қазіргі уақытта қолжетімді Astra-Zeneca, Pfizer/BioNtech, Moderna және «Спутник-V» вакциналарын сынақтан өткізген еріктілер қатарына жүкті де, бала емізетін де әйелдер кірмеген.
Алайда, вакцинаның қарсы көрсетілімдері бар және ана сүтіне теріс әсер етуі мүмкін деп айтуға негіз жоқ.
– Бұл топтарда нақты зерттеулер жүргізілмегенімен, жүкті немесе бала емізетін әйелдерді вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер жоқ. Жүкті немесе бала емізетін әйелдер вакцинацияның ықтимал артықшылықтары мен қауіптерін дәрігерімен талқылауы керек, – делінген АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлдық қадағалау басқармасының сайтында Pfizer/BioNtech және Moderna вакциналарына қатысты.

Ресейлік ғалымдар «Спутник-V» вакцинасы туралы да осындай пікірде. Мамандар жүкті және бала емізетін әйелдерге тиісті зерттеулер жүргізілгенше күтуге кеңес береді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күні COVID-19 қарсы вакциналар ана сүтінде улардың пайда болуына немесе емізетін ана мен балаға басқаша зиян келтіруі мүмкін екендігіне ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button