Fake News

Фейк: «Pfizer компаниясының Бас директоры COVID-19 қарсы вакцинаның бірде-бір дозасын алаған»

Қазнет қолданушылары Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурланың вакцинация мәртебесін талқылауда. Кейбіреулерінің пікірінше, ол COVID-19 қарсы вакцинаның бірде-бір дозасын алмаған. Бұл олай емес.

Альберт Бурланың COVID-19-ға қарсы егілгені туралы әңгіме оның аурып  қалғаны туралы жаңалықтан кейін басталды. 2022 жылдың 15 тамызында ол COVID-19 тапсырған тест оң нәтиже бергенін хабарлады. Сондай-ақ ақпаратта оның Pfizer-BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаны және ауру белгілері жеңіл екені туралы жазылған. 

Альберт Бурла өзінің вакцинация мәртебесі туралы ашық айтқан болатын. Мысалы, 2021 жылғы 11 наурызда ол өзінің Twitter-дегі парақшасында COVID-19 қарсы вакцинаның екінші дозасын алғанын жазған. 

2021 жылғы 18 қазанда Pfizer бас директорының ревакцинациядан өткені белгілі болды.

Альберт Бурла COVID-19-ға қарсы егілмеген деп айтуға негіз жоқ. Вакцинацияға қарсы адамдар мұндай қауесеттерді бұған дейін де таратқан, бірақ олар өз теорияларына ешқандай растау таба алмады.

Қорыта айтқанда, Pfizer компаниясының бас директоры COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған деген ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button