Жаңалықтар

АҚШ Сенаты COVID-19 өтірік деп жариялаған жоқ

Қазнетте АҚШ Сенаты COVID-19 пандемиясы өтірік деп ресми мәлімдеді деген пікірлер айтылуда. COVID-диссиденттер бұқаралық ақпарат құралдары, ірі фармацевтикалық компаниялар, танымал әлеуметтік медиа иелері және ДДСҰ жауапқа тартылады деп осы хабарламаны таратуда. Бұл жалған.


Шын мәнінде, Сенат мұндай мәлімдеме жасамаған. АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасының ресми сайтында мұндай хабарламалар жоқ. 
Сенаттың COVID-19 өтірік деп мәлімдегені туралы жалған ақпарат бес сенатордың сөзіне негізделген, олар Sars-CoV-2 вирусының табиғи шығу тегіне сенбейтіндіктерін және ол зертханада жасалған деген болатын.
Айта кетейік, АҚШ Сенатына барлығы 100 сенатор кіреді, сондықтан олардың бесеуінің пікірін ресми мәлімдеме деп санауға болмайды.
Сондай-ақ, спикерлердің ешқайсысы COVID-19 ауруы жоқ, ал пандемия – саясаткерлердің айла-амалдары деп айтпаған. Сенаторлар әлеуметтік желілер вирустың табиғи шығу тегі туралы нұсқаға қайшы келетін ақпаратты бұғаттауға құқысыз болғанына қатысты пікірлерін білдірген. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ДДСҰ, әлеуметтік желілердің иелерін және т.б. сотқа беру ниеттері болмаған. Саясаткерлер кезекті тергеу жүргізуге және Sars-CoV-2 вирусының пайда болуының сөзсіз дәлелдерін табуға шақырды.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден ДДСҰ Ухань зертханасында вирустың қолдан жасалғанын түпкілікті жоққа шығару немесе растау үшін тағы бір мәрте тексерудге шақырғанын жазған болатынбыз.
Патогеннің пайда болуын тергеудің бірінші кезеңі 2020 жылдың наурыз айында аяқталды. Содан кейін ДДСҰ қызметкерлер делегациясын Қытайға жіберді. Соңғы есепте мамандар вирустың қолдан жасалуы «екіталай» екендігін атап өтті.
Көптеген ғалымдар Sars-CoV-2 вирусының мутациясы тек табиғи ортада ғана болуы мүмкін деп санайды, бұл оның қолдан жасалғанын жоққа шығарады. Сондай-ақ мамандар патогеннің таралуының шынайы көзін іздеудің қолда бар деректер мен сараптама нәтижелеріне қарамастан, саяси себептері болу ықтимал екендігін айтады.
Қорыта айтқанда, АҚШ Сенаты COVID-19 өтірік деп мәлімдеген жоқ және оны таратқаны үшін кінәлілерді жазалауға шақырмаған. Бұл жаңалық ауру қоздырғышының пайда болуына күмән келтірген бес сенатордың сөйлеген сөзі туралы ақпараттың бұрмаланған нұсқасы ғана.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button