Фейк: «Никола Тесла қуаттауды қажет етпейтін электр машинасын ойлап тапты»
Желіде әйгілі физик және өнертапқыш Никола Тесла 1920 жылдары тікелей ауадан қуат алатын электр машинасын ойлап тапқан деп жазылды. Бұл рас па? Анықтайық.
Интернетте Никола Тесланың сол кездегі қарапайым Pierce-Arrow машинасы негізінде электр машинасын қалай құрастырғаны туралы тарихты оңай табуға болады. Ол көліктен ішкі жану қозғалтқышын алып тастап, оны ғарыштық энергияны қабылдайтын құрылғыға ауыстырған.
Бұл оқиға Тесла қайтыс болғаннан кейін 24 жылдан кейін 1967 жылы жария болды. Электроавтомобиль жасау туралы өзін физиктің жиені деп таныстырған Питер Саво айтқан. Алайда, Тесланың мұндай есімді жиені болмаған. Мұны оның туысы Уильям Тербо растады.
Сонымен қатар, Тесланың электромобиль жасағанына ешқандай физикалық дәлел жоқ. Сызбалар да, суперқозғалтқыш та, ауадан қуат алатын машина да жоқ.
Демек, Никола Тесла ойлап тапқан электромобиль – ешқандай дәлелі жоқ миф.