Тарих

Фейк: «Адамның маймылдан жаратылмағаны дәлелденді»

Қазнетте академик Болотов деген адам адамның маймылдан жаратылмағанын, ал Дарвиннің эволюция теориясы жалған екенін дәлелдеді деген ақпарат тарады. Болотов деген кім және ол қандай дәлелдер келтірді? Анықтайық.

Борис Болотовтың өзінен бастайық. Ол Дүниежүзілік Ғылым Академиясы шындығы (ИВАН) деп аталатын өте күмәнді ұйым академигі. Бұл академияның қай жерде тіркелгені және оған Болотовтан басқа кім мүше екені түсініксіз. «Академик» Болотовтың псевдоғалым екені сөзсіз. Мұны өлместік туралы ойынан түсінуге болады. Оның айтуынша, ол үшін ағзадағы бір ғана жасушаны мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру керек екен. 

Академик Болотов өзінің жеке сайтында «дәрі-дәрмектің» қарама-қайшы кеңестері мен рецептілерін жариялайды. Атап айтқанда, ол күкірт және тұз қышқылдарынан, жүзім сірке суынан және нитроглицериннен «бальзам» дайындауды ұсынады. Мұның бәрі Борис Болотовқа сенуге болатынына күмән келтіреді.

Әсіресе, эволюция теориясын жоққа шығару мақсатында ол адам шашының құрамы мен құрылымы жануарлардың түгінен гөрі мүйізтұмсық мүйізіне көбірек ұқсайды деп мәлімдейді.

Бұл ғылымға қарсы. Адамның шашы да, жануарлардың түгі де, мүйізтұмсық мүйізі де кератиннен тұрады.

Сонымен қатар егер адамның шашы жануарлардың түгінен түбегейлі ерекшеленетін болса да, бұл эволюция теориясына қарсы толық дәлел бола алмайды. Адамның маймылдармен «туыстығын» ДНҚ дәлелдейді. Адамның ДНҚ-сы шимпанзе ДНҚ-сынан орта есеппен жүзден бір нуклеотидпен ерекшеленеді, яғни 1%.  Адамның қысық мұрынды примат екендігін дененің, бас сүйектің, мидың, жыныс мүшелерінің және басқа органдардың құрылымы сияқты басқа да фактілер дәлелдейді.

«Академик» Болотов бұл ғылыми фактілерге келіспеушілік келтірген жоқ. Бірақ адамның шашы мүйізтұмсық мүйізіне ұқсас болғандықтан, адамдар маймылдардан емес, басқа біреуден жаратылған деп пайымдады.

Бұл ғылымға қарсы. Сондықтан Болотовтың теориясы фейк, оған сенудің қажеті жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button