Тарих

Фейк: «Феминизмді Рокфеллерлер отбасыларды бұзу үшін ойлап тапты»

Әлеуметтік желілерде Николас Рокфеллер айтқан дәйексөз тарады. Ол ата-бабалары отбасыларды бұзу үшін феминизмді ойлап тапқанын айтады. Бұл өтірік.


Николас Рокфеллер – америкалық банкир және инвестор. Желідегі ашық деректерге сәйкес, Николастың әйгілі миллиардерлер мен кәсіпкер Рокфеллер әулетіне тікелей қатысы жоқ. Айта кетейік, Рокфеллер тегі америкалтар арасында жиі кездеседі. Желіден қарағанда, бірнеше секундтың ішінде– рок-музыкант Николас Рокфеллер және танымал әулетке ешқандай қатысы жоқ инженер Николас Рокфеллер анықталды.
Сонымен қатар Николастың өзі феминизм туралы мәлімдеме жасамаған. Оның орнына мұны досы, режиссер Аарон Руссо айтқан. Сондай-ақ Руссо жаңа әлемдік тәртіп және басқа дәлелденбеген қастандық теориялары туралы сөз қозғаған, бірақ оны растаған жоқ.
Феминизм Рокфеллер әулетінің жобасы емес, өйткені ол алғашқы атақты Рокфеллер – Джон Дэвисон Рокфеллер 1839 жылы дүниеге келгенге дейін пайда болған. Сол кезде негізгі феминизм идеясы жарты ғасырдай айтылып жүрген еді – оны 1792 жылы Мэри Уолстонкрафт өзінің «Әйел құқығын қорғау» атты эссесінде сипаттаған. 1837 жылы үлкен Джон Рокфеллер туғанға дейін екі жыл бұрын, француз философы Чарльз Фурье «феминизм» терминін енгізді. Яғни, ағымның атауы да, оның негізгі постулаттары да үлкен Джон Рокфеллер дүниеге келген кезде болған.
Демек, ол да, оның ұрпақтары да феминизмді «ойлап таппаған» және отбасыларды бұзуға тырыспаған. Ал таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button