Fake News

Фейк: «Көшедегі шаңда графен бар»

Пайдаланушылар Instagram-да көшедегі шаңда графеннің бар екенін дәлелдейтін видеоны таратуда. Автор көлік капотының үстіндегі шаңды жинап, үстінен магнит өткізеді, нәтижесінде сұр шаңнан қара бөлшектер бөлінеді. Роликте оларды графен деп атайды. Бұл жағдайды түсіндіріп өтейік.

Графен – бұл көміртектің аллотропты модификациясы, қалыңдығы бір атом болатын алтыбұрышты жасушалары бар тор түріндегі көміртек атомдарының қабаты.

Бұл анықтама көміртек атомдарынан тұратын, бірақ атом торының құрылымы басқаша көмір, графит пен алмаз сияқты графеннің де магнитке тартылмайтынын түсіндіреді. 

Постта жазылғандай, графен – жақсы өткізгіш, бірақ ол магнитке тартылмайды. Мәселен, электр тогын жақсы өткізетін су, ол да магнитке тартылмайды.

Бүгінгі таңда графенді жаппай өндіру өте қиын, бұл материалдың құнын арттырады. Ашық мәліметтерге сәйкес, нарықта графеннің орташа бағасы бір граммы үшін шамамен мың долларды құрайды. Мұндай қымбат материалды көшедегі шаңға не үшін қосатыны түсініксіз. Оның үстіне, әлемде графенді қалалар мен ауылдарда шаңмен араластыру үшін қажетті көлемде өндіруге болатындай өндірістік қуаттар мен технологиялар жеткіліксіз. 

Демек, видеода көрсетілген магнитке тартылатын бөлшектер графен емес. Видеодағы шаң автомобильдің капотынан жиналғанын ескерсек, магнитке автомобильдің металл бөлшектері тартылды деп пайымдауға болады. Сонымен қатар кадрларда машинаның қай жерде тұрғаны көрінбейді, ол металл шаңы бар жерде, мысалы, зауыттың немесе металлургиялық кәсіпорынның жанында тұрған шығар.

Мұның бәрі таралған видеоның фейк екенін көрсетеді. Кадрларда көрсетілген бөлшектер графен емес, өйткені бұл материалды өндіру қиын, қымбат және ол магнитке тартылмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button