Fake News

Фейк: «2024 жылы өзге ғаламшарлықтар ауқымды шабуыл жасайды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде таратқан сұхбатта ер адам бірдеен бірнеше конспирологиялық пікір айтады. Ол үкіметтердің жер асты зертханаларында балаларды қалай ұрлап, азаптағаны, адамдарды суда және ауада химиялық заттармен улайтыны туралы айтады, ал 2024 жылы әлемдік элита біртұтас әлемдік үкіметті құру және адамдарды құлға айналдыру мақсатында жерге шабуыл жасайды. Бұл мәлімдмелерді талдап, олардың неге шындыққа жанаспайтынын түсіндірейік.

Видеодағы ер адам – Джозеф Спенсер. Ол Орталық барлау басқармасында (ЦРУ) «Қара киім киген адамдар» құпия бөлімінде жұмыс істеген, сондықтан адамзаттың барлық құпияларын, тіпті болашақта адамдармен не болатынын білетінін айтады. Бұл бөлім атттас фильмде көрсетілгендей, Жерде басқа галактикалардан келген эмигранттарды басқарумен айналысады.

ОББ-да мұндай бөлімшенің болуы фейк. Бұл «куәгерлердің» сөзінен басқа ештеңемен расталмайтын қастандық теориясы. Оны фактчекерлер де, ресми тұлғалар да бірнеше рет жоққа шығарды. 

Демек, Спенсер айтқан барлық нәрселерге скептицизммен қарау керек.

Енді ол таратылған видеода айтқан тезистерді талдайық.

1. Үкіметтер балаларды әлем бойынша 1477 жерасты зертханасында азаптау үшін ұрлайды
Бұған ешқандай дәлел жоқ. Балалардың жоғалу фактілерін тергеуге әлемнің барлық елдерінде басымдық беріледі. Бұл ретте жерасты зертханаларында балаларды ұрлау және азаптау туралы бірде-бір рет хабарланған жоқ. АҚШ-та жоғалған және қанауға ұшыраған балалардың ұлттық орталығының мәліметінше, балаларды көбінесе туыстары немесе таныстары ұрлап кетеді. Кейбір жағдайларда балаларды бейтаныс адамдар ұрлайды, алайда ұлттық орталық та, басқа да беделді дереккөздер де үкімет мүшелері мұндай әрекеттерге барды деп хабарламаған.

2. 1994 жылы Мемлекет басшылары Жер тұрғындарының 95% жою туралы келісімге қол қойды
Видеода Спенсер 1994 жылы әртүрлі елдердің басшылары Каир саммиті кезінде жер бетіндегі барлық адамдардың 95%-ын қалай және қашан жою керектігі туралы келісімге қол қойды деп айтады. Онда Популяция және даму туралы конвенцияға қол қойылғаны рас. Оның мәтіні көпшілікке қолжетімді. Алайда құжатта адамдарды жою туралы, әсіресе әлем халқының 95%-ы өлтірілуі тиіс деп ештеңе айтылмаған. Онда отбасын жоспарлау, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, әртүрлі халықтардың мәдени және дәстүрлі құндылықтарын сақтау және өсіп келе жатқан халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ресурстарды жұмылдырудың маңыздылығы атап көрсетілген. 

3. Адамдарды улау үшін суға фтор қосады.
Бұл олай емес. Көптеген елдерде ағынды суға фтор тұздарын қосады, бірақ бұл ғалымдар мұндай қоспаның, әсіресе жас балаларда тісжегінің пайда болу қаупін едәуір төмендететінін дәлелдегеннен кейін 1945 жылы жасала бастады. Ғалымдар судағы фтордың мөлшері, біріншіден, рұқсат етілген нормадан аспайды, екіншіден, адамдар үшін пайдалы деп беделді басылымдар бірнеше рет жазды және айтылып та жүр. 

4. Жаппай вакцинация арқылы ЖҚТБ-ны әдейі таратқан
Бұл ескі жалған, ғалымдар оны шыққан кезде бірден жоққа шығарды. Алайда, көптеген ВИЧ-диссиденттер әлі күнге дейін оған сеніп келеді. Шын мәнінде, кез келген вакцина бұл ауруды тудыруы мүмкін немесе адамның иммун тапшылығы вирусының қолдан жасалғандығына ешқандай дәлел жоқ. 

5. 2017 жылы адамдар тұмаудан жаппай қырыла бастайды
Спенсердің айтуынша, 2017 жылы әлемде қолдан жасалған тұмау вирусынан миллиондаған адам қайтыс болады. Бүгінде мұндай ештеңе болмағанын көріп отырмыз. Спенсердің идеяларын жақтаушылардың кейбірі осы жорамалмен байланыстыратын COVID-19 пандемиясының, шын мәнінде оған ешқандай қатысы жоқ, оның екі айқын себебі бар. Біріншісі: ол тұмау вирусынан туындағанжоқ. Екіншісі: ол 2017 жылы болған жоқ.

6. Ұшақтар қалаларда барий, бактериялар мен вирустар шашады
Бұл расталмайтын химтрейлдер туралы конспирологиялық теорияны қайталау. «У шашатын ұшақтар» идеясы ондаған жылдар бойы таралып келеді, ол біраз өзгеріске ұшырады, кейбір адамдар әлі күнге дейін оған сенеді. Дегенмен, теорияның тезистері шындыққа жанаспайды.

7. 1997 жылы Аризона астанасының аспанындағы кемелерді мыңдаған адам көрді
1997 жылы 21 сәуірде Аризона штатында Финикс қаласының тұрғындары жыпылықтаған шамдардың әсерінен аспаннан кемелердің суретін көрді. Алайда, бұл оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң, аты-жөнін атамай қойған ер адам жарықты өзі жасағанын мойындаған. Ол әуе шарларына жол сигнал шамдарын байлап, бір минуттық аралықпен аспанға ұшырған. Мамандар оның сөзін куәгерлердің әңгімелерімен және фотосуреттермен салыстыра отырып, тексерді. Нәтижесінде, олар анонимді баяндалған оқиға шын болған және НЛО шамдары әзіл болған деген қорытындыға келді. 

8. Үкіметте гиперреалистік голограммалар жасайтын және адамдарды дүрбелеңге түсіретін лазерлік жүйе бар
Бұл тұжырымдар NASA-ның «Көк сәуле» (Blue Beam) супер құпия жобасы туралы қастандық теориясының бөлігі болып табылады. Ол бойынша, жоба аясында әлемде аспанда шынайы голограммалар көрсете алатын және адамдардың миына тікелей түрлі дыбыстар жіберетін арнайы құрылғылар орнатылған. Бұл жобаның бар екені бірнеше рет теріске шығарылды, біреулер мұндай іспен айналысқанына ешқандай дәлел жоқ. 

9. 2024 жылы өзге ғаламшарлықтар Жерге ауқымды шабуыл жасайды
Спенсердің айтуынша, келесі жылы әлем халқы аспаннан кемелер армадасын көреді, бұл үлкен голограмма болады. Ал голограммалардың ішінде қалаларды қирататын әскери ұшақтар жасырылады. Осыны пайдаланып қалатын элита біртұтас әлемдік үкімет құрып, адамдарды құлға айналдырып, жаңа әлемдік тәртіп орнатады. Бұл болжамға сенбеудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, Джозеф Спенсер ең сенімді ақпарат көзі емес, екіншіден, оның 2017 жылы тұмау індеті болатыны туралы алдын ала болжамы орындалған жоқ, үшіншіден, осы жорамалда айтылған «Көк сәуле» жобасы – фейк.

Демек, Спенсер видеода айтқан барлық мәлімдемелер фейк немесе дәлелденбеген. «Қара киім киген адамдар» бөлімінде жұмыс істегенін адамға сенуге негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button