Фейк: «Полиомиелитке қарсы вакцина мешел тудырады»
Қазнет қолданушылары полиомиелиттің ықтимал өршуі мен осы ауруға қарсы вакцинациялауға шақыру туралы ақпаратты талқылауда. Бұл туралы хабарламада кейбір адамдар полиомиелитке қарсы егулер мешел тудырады деген пікір білдіруде. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге дұрыс емес екенін түсіндірейік.
Мешел – бұл адамзатқа бірнеше ғасырлар бойы белгілі болған ауру. Ол 17 ғасырда Англияда кеңінен тараған. 1650 жылы дәрігер Фрэнсис Глиссон аурудың белгілері мен ықтимал себептері туралы егжей-тегжейлі трактат жариялады. Ол кезде полиомиелиттің қоздырғышы белгісіз болды. Адамдар ауру дұрыс тамақтанбау, гигиенаны сақтамау және таза ауада серуендемеу салдарынан дамиды деп ойлады.
Аурудың нақты себебі 1920 жылдары анықталды. Мешелдің ағзада D дәрумені жетіспеушілігінен дамитыны белгілі болды. Кейбір жағдайларда бүйректің созылмалы ауруы, метаболикалық бұзылулар және т.б. асқынулар болуы мүмкін.
Бірақ мешел полиомиелиттен кейін болмайды.
Өйткені, полиомиелит Enterovirus тобындағы picornaviridae тобының полиовирустарынан (poliovirus hominis) пайда болады. Жалпы, үш серотип бөлініп алынды: I – Брунгильда, II – Ласинг және III – Леон.
Қазіргі уақытта полиомиелит ауруы басылды. 1988 жылдан 2015 жылға дейін әлемде полиомиелит жағдайларының саны 99%-ға төмендеді. Вирустың үш серотипінің екеуі бүгінгі күні ресми түрде жойылды. Брунгильда серотипін жұқтыру жағдайлары 1999 жылдан бері, ал Ласинг 2012 жылдан бері тіркелген. Бұған вакцинация арқылы қол жеткізілді.
Айта кетейік, полиомиелитке қарсы әр уақытта әртүрлі вакциналар егілді, бірақ олардың ешқайсысы мешелдің дамуына әкелмеді. Кейбір вакциналар полиомиелит тудыруы мүмкін, бірақ бұл өте сирек болды.
ДДҰ мәліметтері бойынша, 2021 жылы әлемдегі барлық сәбилердің 81%-ы, яғни 105 миллионнан астамы полиомиелитке қарсы егілді. Егер мешел екпенің жанама әсері болса, вакцинация ауқымын ескерсек, мұны жасыру мүмкін болмас еді.
Бүгінде полиомиелитке қарсы ішке қабылданатын вакцина әлемдегі ең қауіпсіз болып саналады, өйткені ол ұзақ мерзімді жанама әсерлер тудырмайды. Вакцинациядан кейін балаларда қысқа уақыт ішінде емдеуді қажет етпейтін жүрек айнуы сияқты жеңіл жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.
Мешелдің полиомиелитке қарсы вакцинацияның салдары екенін дәлелдейтін беделді ғылыми еңбектер жоқ.