Жаңалықтар

Фейк: «Ұшақтардан адамдарға шашатын вакцинаны сынақтан өткізу мақұлданды»

Мессенджерлерде Австралияда тырысқаққа қарсы ГМО-вакцинаның клиникалық сынақтары мақұлданғаны туралы хабарлама таратылды, оны ұшақтардан адамдарға шашады екен. Бұл жалған.

Ерекше клиникалық сынақтар туралы жазғанын Telegram чаттарының қатысушыларының пікірінше, бүріккіш вакцинаны америкалық PaxVax фармацевтикалық компаниясы шығарған және оны Квинслендтің тұрғындарында тексереді. Бұл ақпарат preventdisease.com порталында жарияланған қате мақалаға негізделген. Мәтін сайттан алынып тасталды.
Шынында да, ауаға шашатын вакцина жоқ. PaxVax компаниясы Квинслендте клиникалық сынақтар өткізуге өтінім берген, бірақ онда препаратты шашу туралы айтылмаған. Өтіні 2013 жылы жасалған.
Олар әзірлеген вакцина тырысқақтың алдын алуға бағытталған және сусын ретінде жасалған. Бұл туралы компанияның баршаға қол жетімді құжатында жазылған. Сондай-ақ мәтінде сынақтар медициналық қызметкерлердің бақылауымен және мамандандырылған медициналық мекемелерде өтетіні және препараттың инъекция түрінде енгізілмейтіні немесе аэрозоль түрінде ауаға шашылмайтыны көрсетілген.
Сонымен қатар мәтінде препараттың неге генетикалық түрлендірілген деп есептелетіні түсіндіріледі. Сеебі, оның құрамына нақты ауру тудырмауы үшін өзгертілген Vibrio cholerae тірі бактерия кіреді.

Қорыта айтқанда, Қазнетте таратылған хабарлама – өтірік және манипуляция. Біріншіден, Австралияда да, басқа жерлерде де ұшақтардан ешқандай вакцинаны шашу жоспарланып отырған жоқ, екіншіден, препарат құрамындағы тырысқақ бактериясының генетикалық модификациясы оны нақты ауру туғызу қабілетінен айыруға негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button