Fake News
Елордада тағы бір банкте адамдардың кепілге алынғаны туралы ақпарат өтірік болып шықты
Әлеуметтік желілерде Астанадағы ForteBank бөлімшелерінің бірінде пышақпен қаруланған біреу адамдарды кепілге алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған.
Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, банкте адамдарды кепілге алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл оқу-жаттығу болған.
Бұл ақпаратты ForteBank өкілдері растады.
– Банктің қауіпсіздік қызметі оқу-жаттығу өткізді, бұл туралы сол кезде бөлімшеде болғандардың барлығына ескертілді, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, оқу-жаттығу өткізу туралы шешім 2023 жылдың 18 маусымында елордада Kaspi-дің бөлімшелерінің бірінде қарулы жігіт жеті адамды кепілге алғаннан кейін қабылданды. Полиция қылмыскерді ұстады, зардап шеккендер жоқ.