Фейк: «Дүниежүзілік экономикалық форум Киелі кітапты жасанды интеллектпен қайта жазуға шақырды»
Қазақстандықтар Instagram-да Дүниежүзілік экономикалық форумның аға кеңесшісі Киелі кітапты жасанды интеллектпен қайта жазуға шақырғаны туралы ақпаратты талқылауда. Оның пікірінше, осылайша «дұрыс діндер» шығаруға болады. Мұның бәрі өтірік.
Таралған ақпаратта жазушы және футуролог Юваль Ной Харари туралы айтылған. Ол 2018 және 2020 жылдары Дүниежүзілік экономикалық форумның кездесулерінде сөз сөйлеген, бірақ ол ұйымда ешқандай ресми қызмет атқармайды және ДЭФ-тің аға кеңесшісі емес.
Ол Киелі кітапты қайта жазу керек деп те мәлімдемеген. Бұл Ной 2023 жылғы мамырда берген сұхбатында айтқан сөздердің мүлдем өзгертілген нұсқасы.
Сұхбатта Юваль Ной Харари жасанды интеллекттің күші туралы сөз қозғап, «жасанды интеллект жаңа идеялар ұсынады. Ол тіпті жаңа Киелі кітап та жаза алады» деген. Алайда, ол қолданыстағы Киелі кітапты қайта жазу немесе жаңа «дұрыс» діндер шығаруды ұсынған жоқ.
Демек, таралған ақпарат жалған болып табылады. Юваль Ной Харари ДЭФ-тің бас кеңесшісі емес және Киелі кітапты қайта жазуға шақырған жоқ.