Fake News

Фейк: «Адам құқықары жөніндегі Еуропалық сот қанағаттандырған талап-арызға сәйкес, өзін КСРО азаматы деп санайтын адамдар салық төлемеуі мүмкін»

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде пайдаланушылар Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот өзін КСРО азаматы деп санайтын Павел Смирновтың талап-арызын қанағаттандырғаны туралы ақпаратпен бөлісуде. Сот шешіміне сәйкес, оның өзі де, пікірлестері де бұдан былай салық төлемеуге құқылы. Бұл өтірік.

Бұл жаңалықтың дереккөзі – «Панорама» ақпарат агенттігі. Ол шынайы емес, сатиралық жаңалықтарды жариялайды, ал Желі оқырмандары оны жиі шын деп ойлап қалады.
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот сайтында мұндай талап-арыз туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында адамдар қандай да бір бағытты ұстанатындықтан салықтан босатылатыны туралы мүлдем хабарланбаған.
Айта кету керек, адамдар «КСРО куәгерлері» қозғалысы – бұл Ресейде құрылған деструктивті қозғалыс, соңғы жылдары ол қазақстандықтар арасында белсенді насихатталуда.

Манипуляция: «КСРО төлқұжаттары әлі де беріліп жатыр»

 

Оған кірген адамдар КСРО әлі де бар, ал туылған кезде оның барлық азаматтарына банктерде арнайы шот ашылып, оған қомақты қаржы жиналады деп ойлайды. Теорияға сәйкес, КСРО аумағындағы тәуелсіз мемлекеттер бұл ақшаны адамдардан тартып алу үшін заңсыз құрылған.
Әрине, бұған ешқандай дәлел жоқ және бұл мүмкін емес, өйткені КСРО-ның ыдырауы тарихи факт, ал құпия банктік шоттардың болуы ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button