Fake News

Фейк: «БАҚ-та жаһандық жылыну туралы әдейі қорқытып жазады»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар неміс теледидарында ауа райы болжамын хабарлау кезінде түсірілген екі фотосуреттің коллажын талқылауда. Ескі фотосуретте елдің картасы болжам бойынша ыстық болатынына қарамастан жасыл түспен көрсетілген. Жаңа фотосуретте аймақтар ашық қызыл түспен белгіленген, ал болжам бойынша күн ыстық болмаған. Осыған орай, пайдаланушылар бұқаралық ақпарат құралдары жаһандық жылыну туралы әдейі қорқытып жазады деген қорытындыға келді. Бұл жалған.

Екі суретте де 21 маусымға арналған болжамдар көрсетілген, тек біріншісі – 2017 жылғы, екіншісі – 2022 жылғы. 2017 жылғы суретте ауа температурасы 30 градустан жоғары болады деп болжанғанына қарамастан ел аумағы жасыл түске боялған. 2022 жылғы фотосуретте ел аймақтары ашық қызыл түсті, бірақ Германияның бір ғана нүктесінде 30 градустан жоғары ыстық болады делінген.

Пайдаланушылардың пікірінше, бұл Жаһандық жылынудың бұқаралық ақпарат құралдары адамдарды қорқыту үшін қолданатын алаяқтық екенін дәлелдейді.

Шындығында, екі сурет те ештеңені дәлелдемейді және оларды салыстыру манипуляция болып табылады.

DPA неміс фактчекинг порталы жазғандай, суреттерде көрсетілген екі карта бастапқыда әртүрлі телебағдарламалар үшін жасалған. Біреуі Tagesthemen бағдарламасына, екіншісі Tagesschau үшін дайындалған. Сондықтан бұл карталар әртүрлі және оларды салыстырған дұрыс емес. Бастапқыда Tagesthemen-де көрсетілген жасыл карта – бұл елдің рельефі, өзен-көлдері және т.б. көрсетілген топографиялық карта. Tagesschau-да көрсетілген қызыл карта – бұл елдің әртүрлі аймақтарындағы температура айырмашылығы белгіленген жылу картасы. Жаз мезгілінде Цельсий бойынша 0 градус онда ақ түспен көрсетіледі, ал жоғары температуралар сарыдан қою қызыл түске дейін жылы реңктермен белгіленеді.

2020 жылы Tagesthemen және Tagesschau бағдарламалары біріктіріліп, барлық карталар бір түске ауыстырылды. Бүгінде Желіде Tagesschau деп аталатын бұрынғы Tagesthemen хабарларын көруге болады. Атап айтқанда, бірінші суреттегі кадр (14 минуттан бастап) 21.06.2017ж. Tagesschau-дың YouTube арнасында жарияланған. Екінші суретке негіз болған бағдарлама 20.06.22 шыққан. (34 минуттан бастап).

Демек екі картаны салыстыру жаһандық жылыну бұл бұқаралық ақпарат құралдарының қастандығы деген теорияны дәлелдемейтінін көрсетеді. Көрсетілген карталар әртүрлі. Олардың бірі топографиялық, екіншісі термиялық, олардың әртүрлі болуы да сондықтан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button