Фейк: «Пандемия туралы жаңалықтарда актерлер көрсетіледі»
Қазақстандықтар Telegram-да COVID–19 пандемиясы мен өлімі туралы барлық жаңалықтар сюжеттерін қойылым және оларда актерлер көрсетілген деп жазуда. Бұған дәлел ретінде қорғаныс костюмдерін киген адамдарды түсіріп жатқан операторлар мен дыбыс инженерлерінің тобы көрсетілген видео ұсынылып отыр. Бұл пандемия туралы жаңалықтар қойылым екендігі туралы теорияларды дәлелдемейді. Неге екенін түсіндірейік.
Түсірілім алаңынан таралған ролик осы жылдың маусым айында вирустық сипатқа ие болды. Оны Гонконг университетінің қызметкерлері AnnieLab порталында жоққа шығарды. Олардың хабарлауынша, видеода жаңалықтар сюжетін түсіру процесі түсірілмеген. Шын мәнінде, бұл шынайы оқиғаларға негізделген жаңа қытай драмасының түсірілімінің кадрлары.
抗疫又胜利了,开始摆拍白卫兵英雄事迹。 pic.twitter.com/3TJy4R915A
— 方舟子 (@fangshimin) June 4, 2022
Бұл видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған актриса Джин Джиннің арқасында расталды. Ол фильмде дәрігердің рөлін сомдайды. Қазір актрисаның парақшасындағы ролик қол жетімсіз, бірақ Annie Lab оның түсірілімнің кадрларын бірінші болып таратқанын дәлелдейтін скриншоттарды жариялады, бұл ретте топ жаңалықтар топтамасын емес, драма түсірумен айналысқаны атап көрсетілген.
Сондай-ақ, фактчекерлер видеода көркем фильм түсіру барысы көрсетілгеніне көз жеткізу үшін актрисамен жеке байланысқа шыққан. Джин Джин мұны растады және қазіргі уақытта түсірілім аяқталғанын, бірақ фильм әлі прокатқа шықпағанын және простпродакшн сатысында екенін айтты.
Таралып жатқан видеода жаңалықтар сюжеті емес, көркем фильмді түсіру процесі түсірілгенін Lead Stories порталының фактчекерлері де растады.
Қорыта айтқанда, пандемия туралы жаңалықтар сюжеттерінде актерлер ойнайтыны туралы ақпарат – фейк.