Фейк: «3D-принтермен үйлерді 1930 жылдары басып шығарған»
Әлеуметтік желілерде 1930 жылдары адамдар 3D принтерде тұрғын үйлерді басып шығара білгені туралы ақпарат тарады. Идея авторының айтуынша, қазір бұл технология жасырылады, өйткені мұндай үйлер өте арзан болып, нарықтық экономикаға зиян тигізуі ықтимал.
Хабарламаға ерекше құрылғының көмегімен бетон қабырғалар салынатын видео тіркелген. Роликте не көрсетілген? Ол 3D принтер емес. Неге екенін айтып берейік.
Таратылған видео 1930 жылдардың соңында АҚШ-та түсірілген. Кадрларда 1941 жылы Уильям И. Эршел патенттеген әдіс бойынша ғимарат салу барысы көрсетілген.
Бұл әдіс бетон қабырғаларын салып, оны бірден тегістей алатын құрылғыны қолдануға негізделген. Алайда, оны 3D принтер деп атау қиын, өйткені құрылыс процесі әлі толық автоматтандырылмаған. Желідегі видеоларда жұмысшылардың алдын ала араластырылған бетонды машинаға құятыны, ал құрылғы оны айнала құяды.
Өнертапқыш ұсынған патентте құрылғыны бетонды конус немесе гиперболалық пішінде құятындай етіп орнатуға болады, бірақ оны қолмен ретету керек. Патенттің өзі 20 жыл бойы қолданылды. Оның мерзімі 1961 жылдың қаңтарында аяқталды. Дегенмен, сипаттамасы мен сызбалары әлі күнге дейін баршаға қол жетімді. Демек, бұл технология құпия емес және оны кез келген адам қол жеткізе алады.
Уильям И. Эршелдің технологиясы қазіргі 3D принтерлерден айтарлықтай ерекшеленеді. 3D принтерлер материалды алдын ала белгілі бір формаларға салу үшін бағдарламаланады. Пішіндер әртүрлі болуы мүмкін. Басып шығару процесі толығымен автоматтандырылған және адамдардың ауыр физикалық еңбегін қажет етпейді.
Қазіргі кезде үйде 3D принтерлерде басып шығару тиімсіз деген теория жалған. Шын мәнінде, мұндай жобалар әзірленуде және өте перспективалы болып саналады. Бүгінгі таңда проблема, осылайша салынған ғимараттардың барлығы бірдей мемлекет билігі ұсынған қауіпсіздік пен сапа талаптарына сәйкес келмейді. Алайда, кейбір елдерде бұл мәселе шешімін табуда. Мысалы, 3D принтерде жасалған тұрғын үй Дания, Үндістан және Германияда бұрыннан бар. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша дәл осындай технология болашақта адамдарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешудің кілті бола алады.
Сонымен: таратылған видеода 3D принтер емес, 1941 жылы АҚШ-та патенттелген бетон қабырғаларын салу технологиясы. Ешкім оны адамдардан жасырмайды – сызбалар мен технологияның сипаттамасы баршаға қол жетімді. Қазіргі заманғы 3D принтерлер 1941 жылы патенттелгеннен айтарлықтай ерекшеленеді. Бүгінгі таңда 3D-принтердің көмегімен басып шығарылған тұрғын үйлер бар және бұл технологияларды одан әрі дамыту жоспарланып отыр.
Демек, 1930 жылдары адамдар үйлерді 3D принтерде басып шығара білгені туралы ақпарат жалған.