Fake News

Дәлелсіз: «COVID-19-ға қарсы егілген балаларда терең тамыр тромбозы болады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда медицина қызметкері жазған хабарламаның скриншоты тарады. Онда COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған жеті жасар қызда терең тамыр тромбозы дамыған, оған вакцинация себеп болған екен. Бұл дәлелденбеген.

Ең алдымен, ақпарат жарияланған аккаунттың covid-диссиденттікі екеніне назар аударған жөн. Оны профильдегі жазудан түсінуге болады: «Ковидиот-тролльдерді кәсіби бұғаттаушы». Сондықтан, осы парақшада жарияланған ақпарат объективті фактілерге емес, аккаунт иесінің жеке пікірін жеткізіп, көрсетеді.
COVID-19 қарсы вакциналар балаларда тромбоз тудырады деген теорияға келетін болсақ, бұған ешқандай дәлел жоқ. Жеті жасар қыздың оқиғасы АҚШ-та болған, ал онда 12 жасқа дейінгі балаларға тек екі препаратты ғана егугее рұқсат етілген: Moderna және Pfizer/BioNTech. Олардың ешқайсысы балаларда да, ересектерде де тромбоз тудырмайды. Бұл клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерімен дәлелденген. Вакцинациядан кейін алты апта өткен соң тромбоз қалыптасу жағдайлары сирек болса да, Johnson & Johnson өндірген препаратпен байланыстырылады. Мұндай асқыну миллионның ішінде үш жағдайда болуы мүмкін. Бұл препарат АҚШ-та балаларға қолдануға рұқсат етілмеген. 
Сондай-ақ Желіде жеті жасар қызда вакцинация нәтижесінде тромбоз дамығаны туралы ештеңе айтылмаған. Осыған ұқсас жағдай, аяғында және өкпеде тромб көп қалыптасқан осыған ұқсас оқиға жайлы АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми порталында жазылған. Алайда, ол 2011 жылы болған және науқас жетіде емес, 19 жаста болған. Аурудың дамуына вакциналар себеп болмаған.
Жеті жасар балаға қатысты жағдайды VAERS вакцинаға жағымсыз реакцияларды бақылау жүйесінде тексеру мүмкін емес. Себебі, Желідегі хабарлама күніне сүйенсек, өтініш осы жылдың 20 шілдесінде қалдырылған. Алайда, деректер базасында бүгінгі күні тек 15 шілдеде және оған дейін қалдырылған өтініштер ғана қолжетімді.
Балада тромбоз қалыптасқаны туралы жазба VAERS базасында болса да, бұл аурудың вакцинацияға қатысы бар екенінің белгісі емес. VAERS – бұл пассивті бақылау жүйесі, яғни, жүйеде кез келген адам жазба қалдыра алады және бұл үшін вакциналар мен аурудың арасындағы байланысты дәлелдеу немесе вакцинациялану фактісін растау қажет емес.
Демек, КВИ қарсы вакциналар балаларда тромбоз қалыптастыратыны туралы мәлімдеме, біржақты және сенімсіз дереккөзден тараған, сондай-ақ негізсіз және расталмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button