Fake News

Қоғамдық орындарда балағат сөз айтуға берілетін абонемент туралы ақпарат – фейк

Мессенджерлерде қазақстандықтар қоғамдық орындарда балағат сөз айтуға абонемент сатып ала алатыны туралы ақпарат тарады. Оны алғаннан кейін адамдар бір сағат ішінде кез келген жерде дөрекі сөйлей алады, ал абонементсіз мұндай әрекеттер үшін айыппұл салынады екен. Мұның бәрі шындыққа сәйкес келмейді.


Хабарлама авторлары ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораздың сөзіне сүйенеді. Алайда, ол өзінің Instagram парақшасында мұндай мәлімдеме жасамағанын және ІІМ-нің баспасөз хатшысы қызметінен кеткеніне біраз уақыт болғанын айтқан.

– Жалған ақпарат! Менің атымнан жариялапты. Алдымен, ішкі істер саласынан кеткеніме жарты жылдан асты. Екіншіден, сайттың сілтемесі жоқ. Аты мен заты жоқ. Біреудің абыройына күйе жағумен айналысатындарды бәрібір табу қажет. Ішкі істер органдарына арызданудан басқа амал жоқ, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Демек, таралған ақпарат – фейк, оған сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button