Fake News

Фейк: «Pfizer-дің бұрынғы қызметкері пандемияның алдын ала жоспарланғанын айтты»

Қазнетте Pfizer компаниясының бұрынғы қызметкері Майкл Йедонның (Michael Yeadon) COVID-19 пандемиясының алдын ала жоспарланғаны туралы мәлімдемесі таратылуда. Оның айтуынша, бес сатыдан тұратын бұл жоспардың түпкі мақсаты – әлемнің бүкіл қаржы жүйесін құлдырату және жеке меншікті жою. Бұл конспирология.


Майкл Йедон Pfizer компаниясында 2011 жылға дейін жұмыс істеді. Ол Сэндвичте Кент графтығында Pfizer-дің аллергиялық және тыныс алуды зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері және вице-президенті болған.
Бөлімше 2011 жылы жабылды, Йедон Pfizer-ден кетіп, өзінің Ziarco компаниясын құрады. 2017 жылы ол оны Novaris компаниясына 325 миллион долларға сатады. 
Майкл Йедон COVID-19 пандемиясы басталғанда әлеуметтік желілерде танымал болды. Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында қастандық теориялары мен вакцинацияға қарсы идеяларын тарата бастады, олардың бастысы КВИ қарсы вакциналар бедеулікке әкеледі деген пікірі болды.
Сондай-ақ, ол маскалардың пайдасы жоқ, ал локдаун өлім-жітімнің артуына әкеледі деп мәлімдеді. 
Йедон таратқан тағы бір фейк Pfizer вакцинасын сынауға қатысты. Оның айтуынша, дәрі-дәрмектің дозасын ешкім эксперименталды түрде есептемеген, демек адамдарға вакцинаның қауіпсіз мөлшері егілетініне кепілдік жоқ.
Осы және басқа да мәлімдемелерді фармакология мамандары мен шетелдік фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды. Reuters басылым Йедонды «антиваксерлердің батыры», ал The Times «COVID-19 туралы қастандық теорияларының кейіпкері» деп атады.
Қазнетте тараған бес қадамнан тұратын жоспар туралы мәлімдеме де, жоғарыда аталғандардың бәрі де мүлдем дәлелденбеген.

Йедон сипаттаған жоспар БҰҰ-ның жаңа әлемдік тәртіп туралы жалған құжатының аналогы болып табылады. Екеуінің де түпкі мақсаттары – қаржы жүйесін құлдырату, жеке меншікті жою және адамзатты жаппай бақылау.
Алайда, біз БҰҰ-ның да, басқа да халықаралық ұйымдардың да құжатқа қатысы жоқ, ал оның өзін қастандық теорияларын жақтаушылар ойдан шығарған деп жазған болатынбыз,

Фейк: «БҰҰ барлық мемлекеттердің егемендігін, жеке меншікті және ата-аналардың бала тәрбиелеу құқығын жоюды жоспарлап отыр»

Демек, Pfizer-дің бұрынғы қызметкерінің мәлімдемелері – бұрын әшкереленген фейктен калька. Майкл Йедонның өзі көптеген ғылымға қарсы және негізсіз мәлімдемелердің авторы, бұл оның мәлімдемелеріне сенудің қажеті жоқ екенін қуататйды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button