Fake News

Фейк: «Кока-коланы тіс пастасымен және ас содасымен араластырса, магнит пайда болады»

Қазнетте видеоға түсірілген эксперимент тарады. Кішкентай сыйымдылықта автор кока-коланы, тіс пастасын және ас содасын араластырады. Содан кейін қоспаны микротолқынды пеште бір минут қыздырып, магниттік слайм жасайды. Бұл өтірік.

Бұл монтаждалған видео. Желіде осы экспериментті қайталаған роликтер көп.  Нәтижесінде ешқандай магниттік слайм шықпайды.

Сонымен қатар кока-коланы тіс пастасымен және ас содасымен бөлек араластырған видеолар да бар. Бірінші жағдайда ешқандай реакция болмайды. Екіншісінде ерітінді көбіктеніп, шуылдаған дыбыс шығара бастайды. Алайда, кока-коланың да, тіс пастасының да, ас содасының да магниттік қасиеттері жоқ.

Видеода көрсетілген эксперименттің «нәтижесі» – бұл құрамында кока-кола мен тіс пастасы жоқ магниттік слайм. Оның негізгі бөлігі – магнитке тартылатын темір жоңқасы. Мұндай слаймды дайын түрде сатып алуға немесе өз қолыңызбен жасауға болады.

Демек, таралған видеоға сенбеген жөн. Бұл кадрлар монтаждың нәтижесі. Кока-коланы, тіс пастасын және ас содасын араластыру арқылы магниттік слайм жасау мүмкін емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button